20.07.2017, 20:26 4500

Алматыда халықаралық тау және спорт фестивалі өтеді

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау-шаӊғы курортында 28-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайынғы халықаралық "international Mountain Sports Festival" фестивалі өтеді.

Алматы. 20 шілде. Kazakhstan Today - Алматыдағы "Шымбұлақ" тау-шаӊғы курортында 28-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайынғы халықаралық "international Mountain Sports Festival" фестивалі өтеді.

Халықаралық фестиваль форуммен ашылады. Алқалы жиында Алматы қаласы әкімдігініӊ өкілдері мегаполистегі тау шаӊғысы туризмін дамыту жоспарымен бөліседі, "ТВЭЛ-курорт" компаниясыныӊ бас директоры, фритсайлдан Санкт-Петербург Федерациясыныӊ вице-президенті,Сочи Олимпиадасыныӊ кеӊесшісі Виктор Тимаков тау-шаӊғы курорттарыныӊ салу мәселелерін және спорттық жарыстарды өткізу сұрақтарына тоқталып, қысқы туризм саласын даму жолдарын талқылайды.

Сонымен қатар, PGImanagement компаниясыныӊ президенті Жоан Вильядомат, Қытай елініӊ қысқы спорт түрлері ассоциациясыныӊ бас менеджері, Beijing wanda Culture Industry Group компаниясы бас директорыныӊ орынбасары Бин Ву, Полтаваски компаниясыныӊ директоры Антон Фалтинский және Грузия мемлекетініӊ таулы курорттарын дамыту компаниясыныӊ бас директоры Александре Онопришвили шараға қатысып, баяндамалар жасайды.

Ал шілденіӊ 29-ы күні спорт сүйер қауым "Шымбұлақ" тау- шаӊғы курортында музыкалық-спорт марафоны, құзға өрмелеу жарысы, Медеу мұзайдынында кроссфит және воркаут жарыстарына, ал 30 шілдеде қала тұрғындары мен қонақтары "Жастар шыӊына шығу" альпиниадасына қатыса алады.

Осы шараныӊ аясында "Team-bulding" фестивалі, балалар мен жасөпірімдердіӊ "Спорт меніӊ ауламда", "Спорттық Алматы" сайыстары мен шыӊға шығудан үш жас ерекшеліктеріне орай "Жастар мен Ересектер", "Балалар" және "Жасөспірімдер" атты халықаралық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, паркур, воркаут және кроссфиттен ашық чемпионаттар мен Алматы қаласыныӊ кубогы бойынша жарыстар өтеді.

Фестиваль қонақтары үшін тау бөктерінде жанды дауыста орындалатын концерттік бағдарлама, флеш-моб ұйымдастырылып, ұлттық сусындар ұсынылады. 13-17 жастар аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін таулы туризм тақырыбынан шеберлік сыныптары өткізіледі.

Бұл халықаралық фестиваль барысында Алматыныӊ туристік имиджі және көпшіліктіӊ тау туризміне деген қызығушылығы артатын болады.

Алқалы спорттық шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласыныӊ әкімдігі және "Шымбұлақ" тау шаӊғысы курорты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны