19.06.2018, 13:24 8457

Алматыда халықаралық "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі өтеді

Алматыда 23-24 маусым күндері "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде халықаралық "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі өтеді.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда 23-24 маусым күндері "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде халықаралық "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі өтеді.

Аталған шараға Венгрияныӊ, Монғолияныӊ,Украинаныӊ, Өзбекстанныӊ, Башқұртстанныӊ, Тывы мен Дағыстанныӊ,Саха мен Алтай Республикасыныӊ, Қалмақия мен Бурятияныӊ және басқаларыныӊ әскери дәстүрді сақтаушылары қатысады. Батырлар ата- бабаларымыздыӊ көнеден сақталған әскери өнері мен шеберліктерін паш етеді.

Этнофестивалді ұйымдастырушылар ғасыр машинасы іспетті көрермендерге көшпелі дәуір өмірін көрсетеді.

"Егер қысқаша айтатын болсақ, "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі ұлттық мәдениетті насихаттаудыӊ тиімді әдісі. Қонақтар, әсіресе шетелдіктер қазақтардыӊ мәдениетіне,ұлтық дәстүрлерге,декоратвиті- қолданбалы өнерге,номадтардыӊ бай жыраулық қасиеттеріне, көшпенділердіӊ көне ғұрыптары мен тұрмысына, ұлттық атспорт ойындарыныӊ, ұлы даланыӊ кеӊдігіне тереӊ бойлайды", - деп түсініктеме берді Алматы қаласыныӊ Мәдениет пен мұрағаттар басқармасы.

Алматылықтар мен қала қонақтары батырлардыӊ жекпе- жегіне, аттыӊ үстінде тұрып жерден тыйын алатын, қарсыласын ертоқымымен бірге суырып алатын шабандоздардыӊ шеберлігі мен ептілігіне тәнті болады.

Бұлардан өзге, шараға келгендердіӊ әрқайсысы өз мүмкіндігін саралап, түрлі сайыстарға,викториналарға қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болып, зергерлік бұйымдарды, ұлттық тағамдарды, шағын киіз үйлерді көре алады. Үздік ұлттық киімге арнайы жүлде қарастырылған. Кішкентай көрермендерді көӊілді әрі танымдық шаралар күтіп тұр.

"Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі ғасырлар қойнауын қайта жаӊғыртады, ел тарихына деген сезімді күшейтеді, тарихи сауаттылықты арттырып, қазақстандықтарды патриотизмге баулиды. Көрсетілімдерді тамашалау - ежелгі қазақ "аттракционыныӊ" көрерменіне айналу, үйретілмеген тұлпарды бағындыру", - деді Басқармадағылар.

Фестиваль аясында этникалық музыканыӊ әлемдік жұлдыздарыныӊ концерті, садақшылар турнирі, ұлттық қазақ күресі, бәйге, бүркітшілер мен аӊ аулайтын иттердіӊ сайыстары ұйымдастырылады.

Шара 23-24 маусымда сағат 10:00 ден 19.00 -ге дейін Алатау ауданындағы "Боралдай сақ қорғандары" архиеологиялық паркінде өтеді, кіру тегін.

Фестиваль көрермендері үшін "Астана" алаӊынан, Орталық стадионнан, "Алатау" дәстүрлі өнер театрынан,"Саяхат" автовокзалынан әр жарты сағат сайын арнайы автбустар жүретін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны