19.10.2018, 19:53 4910

Алматыда игерілмеген 2,4 мыӊ жер телімініӊ бар екені анықталды

Мысалы, уақытша пайдалану мерзімі біткен жалға берілген жерлерге тексеру жүргізіле бастады. Бүгінгі күні прокурорлар жал ақысын төлемей пайдаланылып келген 34 жер телімін анықтады. Бұл жерлер мемлекеттік қорға қамтылатын болады.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - Алматыдағы жер қорын тиімді пайдалану туралы мәселе әкімдік алқасы мен қала прокуратурасыныӊ бірлескен жиынында талқыланды.

"Мемлекет басшысыныӊ халыққа Жолдауында жер мәселесіне ерекше назар аударылып, "жер қатынастары саласына тексеру жүргізіп, істі ретке келтіріп, жерді нақтылы инвесторларға беру қажет" делінген. Қазірдіӊ өзінде Алматыда игерілмеген 2,4 мыӊ жер телімініӊ бар екені анықталды, оныӊ 27%-ы айналымда, 47%-ы 10 есе салық салу үшін мемлекеттік кіріс Департаментіне жіберілді, үш учаске ерікті түрде мемлекет пайдасына қайтарылды. Осы орайда қала прокуратурасы үлкен іс тындырды және Президент берген тапсырма аясында бұл жұмыс әрі жалғасатын болады", -деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Мысалы, уақытша пайдалану мерзімі біткен жалға берілген жерлерге тексеру жүргізіле бастады. Бүгінгі күні прокурорлар жал ақысын төлемей пайдаланылып келген 34 жер телімін анықтады. Бұл жерлер мемлекеттік қорға қамтылатын болады.

Алқа отырысында қала прокуроры Берік Жүйріктаев соӊғы екі жыл ішінде мегаполистіӊ инфрақұрылымын дамыту және жол айрықтары мен жолдар салу мақсатында 300-ден астам жер телімдерініӊ қайтарылғанын хабарлады. Жүргізілген тексеру барысында құжаттардыӊ қолдан жасалғандығы, жер бағасыныӊ негізсіз көтерілгені анықталды. Осындай заӊсыз іс- әрекеттердіӊ салдарынан мемлекетке келген шығын 2,5 млрд. теӊгені құраған, прокуратура жүргізген шаралар арқасында 1,5 млрд. теӊге шығынныӊ орны толған.

"Бұл салада түрлі құйтырқылар жасалады. Обьектініӊ әрбір иесі компенсация бағасын көтерудіӊ түрлі жолдарын іздестіреді. Олар үшін еӊ қолайлысы жалған құжаттар мен бағаны көтеру. Қылмыскерлер барлық құжаттарды - жергілікті органдардыӊ шешімдерін, техпаспортты, нысанды іске қосу актісін қолдан жасайды. Біз жалған құжаттардыӊ 14 фактісін анықтадық, бұлардан келетін шығын 2 млрд. теӊгені құрайды. Бұларға қатысты қылмысты іс қозғалды, шығынныӊ орнын толтыру шаралары жүзеге асуда, - деді Берік Жүйріктаев.

Ол өзініӊ сөзінде қазіргі кезде прокуратура тарапынан бағалаушылардыӊ берген қорытындысына салыстырмалы сараптама жүргізілгенін және келеӊсіз фактілердіӊ анықталғанын айтты. Құжаттарды қайта тексеру кезінде істі сотта қарауға басымдық беріледі. Бүгінгі күні сотта қаралған 5 объектініӊ алғашқы құны 500 млн. теӊгеге төмендеген. Қарсылық білдірілген 12 іс қаралуда, олардыӊ бағасы 300 млн. теӊгегег төмендйді деп күтілуде.

Қалалық прокуратураныӊ мәліметі бойынша жалға беру мерзімі өтіп кеткен жерлерге қатысты келеӊсіз фактілерге орын берілген. Соӊғы 10 жыл ішінде уақытша пайдалануға жалпы көлемі 3,7 мыӊ гектар болатын 18 мыӊ жер телімі берілген, оныӊ ішінде облысқа тиесілі жерлер де бар. Адамдар жалға беру мерзімі өтіп кетсе де жерді пайдалнып келген әрі оны ұзартуға еш әрекет етпеген. Соныӊ салдарынан бюджетке жал ақысы ретінде ешқандай қаржы түспеген.

Жалпы, прокурорлық қадағалау актісі бойынша қазіргі кезде Алматыда игерілмеген жер телімдеріне 10 дүркін салық салу жұмыстары қолға алынған.

"Мысалы, көппәтерлі үй салынуы тиіс 43,9 га жер учаскесіне 10 дүркін салық салынса, оныӊ көлемі 120 млн. теӊгені құрайтын болады", - деді қадағалаушы органдағылар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны