05.08.2011, 12:50 3451

Алматыда ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Алматы қаласының құрылыс басқармасы тұрғын үй басқармасымен бірлесе отырып "Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы" бағдарламасын жүзеге асыру үстінде.

Алматы. 5 тамыз. Kazakhstan Today - "Алматыда "Қалалық ипотекалық тұрғын үй" құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Алматы қаласының құрылыс басқармасы тұрғын үй басқармасымен бірлесе отырып "Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы" бағдарламасын жүзеге асыру үстінде.

Хабарламада көрсетілгендей, тұрғын үйлер Алматы қаласының солтүстік-батысында орналасқан "Алғабас" және "Ақбұлақ" (батыс) ықшамаудандарының аумағында салынады. Қаржыландырудың жалпы көлемі 4 млрд теңгені құрап отыр.

2008 - 2010 жылдарға арналған ҚР мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында үй алып үлгермеген және сонымен қатар, арендалық тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқылы.

Алматы қаласының тұрғын үй басқармасы ипотекалық несиелеу жүйесі мен азаматтардың өз қаражаттарын пайдалана отырып тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттар тізімін жасап жатыр.

Бағдарламаға қатысушылар "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ мен "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы іске асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны