26.01.2012, 14:36 3902

Алматыда іргетасы 170 жыл бұрын қаланған жасөспірімдер кітапханасы жойылмақ

Алматы билігі жабылғалы жатқан "Мәдениет" кітапханасының кітап қорын Алматының орталықтандырылған кітап жүйесіне бермеген.

Алматы. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда іргетасы 170 жыл бұрын қаланған жасөспірімдер кітапханасы жойылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы билігі жабылғалы жатқан "Мәдениет" кітапханасының кітап қорын Алматының орталықтандырылған кітап жүйесіне бермеген.

"Алматы қаласының мәдениет басқармасымен "Мәдениет кітапханасы" ЖШС қожайынымен кітап қорын Алматының орталықтандырылған кітап жүйесіне беру туралы уағадаластыққа қол жетті", - делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.

Хабарламаға сәйкес, 1997 жылға дейін кітапхана N36 қалалық жасөспірімдер кітапханасы ретінде Орталық кітапхана жүйесіне кірген, кейіннен жекешелендіріліп, оның негізінде "Мәдениет кітапханасы" ЖШС құрылды.

Қазіргі кезде қиындықтар салдарынан кітапхананың жағдайы мүшкіл. Атап айтқанда, негізгі пробелма жалдау ақысы бойынша қарызбен байланысты, 297 шаршы метр алаңның айына жалдау құны 30 мың теңге.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда орнына әлеуметтік азық-түлік дүкенін ашу жоспарланған "Мәдениет" кітапханасының қоры сатылды. Кітапхана директоры Клара Біләлова қала билігі жалға алу мезімін ұзартудан бас тартқанын мәлімдеген болатын. Кітапхананың 170 жыл бұрын негізі қаланған. Оның кітап қорында кітап, журналдың 100 мыңға жуық экземпляры бары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны