Алматыда ірі көлемде қару-жарақтыӊ табылуына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Төрт граната, бір мылтық, екі тапанша мен патрондар және 5 миллион теӊге! Бүгін Алматыда екі бірдей пәтерден осынша заӊсыз қару-жарақ тәркіленді. Ал осы іске байланысты 5 бірдей күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ, полицейлер Республика және Астана алаӊдарын да таӊныӊ атысымен қоршап, елдіӊ есін алды. Мұнда тіпті жанармай құйылған бөтелкелер мен арматура темірлерге толы пакеттер табылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Алматыда бүгін таӊ атпастан Республика алаӊына жақын орналасқан Байсейітова көшесі қоршауға алынды. Шектелген аумаққа ешкім жіберілмей, ол жерді полиция қызметкерлері қарап шықты. Сөйтсе, Республика алаӊдарыныӊ маӊайынан жанармай құйылған бөтелкелер мен арматура темірлер салынған пакеттер табылыпты. Астана алаӊы маӊына да осындай заттар жасырылған екен, деп хабарлайды http://www.ktk.kz/ тілшісі.
Салтанат Изірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
-Қаламыздыӊ бес жерінде өзге біреулердіӊ қалдырған заттарын таптық. Дәлірек айтатын болсақ, бұл жанармай құйылған бөтелкелер, сонымен қатар темір-терсектер алдын ала дайындалған, сонымен қатар жанармай құйылған канистрлар.
Ал ертелетіп елді алаӊдатқан жәйттердіӊ ендігісі одан да сұмдық. Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан екі пәтерден "Макаров" және "ТТ" маркалы тапаншалар, 4 "РГД-5" гранатасы, 1 шолақ мылтық пен 5 миллион теӊге табылған.
Салтанат Изірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
-Бұл мәліметтер жалпы қала тұрғындарынан келіп түскен. Сондықтан түсе салысымен мәліметтерді тексеруге барынша жұмылдырып, мұндай мәліметтер шын мәнінде расталған болып шықты.
Бұл жағдай заӊсыз қару-жарақ сақтау дерегі ретінде тіркеліпті. Ал осы іске күдікті ретінде бес азамат ұсталған.
Жанармай толы бөтелкелер мен арматура темірлер қара пакетке салынған күйі мына темір қақпақтыӊ ішінен табылыпты. Дегенмен, таӊертеӊ қоршауға алынған бұл жерде түске қарай жағдай қалыпқа келді. Тек қауіпті заттар мен заӊсыз қару-жарақтарды полиция қалайша бір уақытта анықтады? Бұл туралы ресми мәлімет жоқ. Белгілісі, қазір осы жәйттердіӊ әрқайсысы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
тақырып бойынша жаңалықтар
Алматыда Панфиловшы - Батырлардың шыңына Альпиниада өтеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан жастары арасында "Бірлескен болашақ, үздік әлем - адамзаттың ортақ тағдырлас тұлғасын қалыптастыру" тақырыбында сурет салу байқауын өткізу туралы хабарландыру
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда "Алматы-біздің ортақ үйіміз" науқанының бірінші аптасының қорытындысы шығарылды
Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлер, постерлер, афишаларға арнайы QR-код арқылы кіруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі толық көлемде өтеледі
Наурыз айында электр энергиясына баға өскен кезде біз қолданыстағы өтемақы шарасын 0,6 АЕК-тен 0,75 АЕК-ке дейін арттыру туралы бастама көтердік, сондай-ақ ҚТҚ-ға тарифтің өзгеруін болжай отырып, қосымша 0,8 АЕК-ке дейін арттыруды кепілге қойдық. Халықтың әлеуметтік осал топтары 1 мамырдан бастап 0,8 АЕК алатын болады. Қазірдің өзінде толық өтемақы", - деді Бауыржан Жаубасов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда "Қоқысты кофеге айырбаста/снэк" акциясы басталады
Қоқысты кофеге/снэк айырбаста" - бұл қала тұрғындарын сыйлық купондарының орнына қайталама шикізатты жинауға және қайта өңдеуге тапсыруға ынталандыратын экологиялық бастама. Акция қалдықтармен байланысты мәселелер және оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Демалыс күндері мамырдағы мереке күндеріне ауыстырылады
Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамырдағы сәрсенбіге ауыстырыңыз", - делінген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
17.04.2024, 12:07Қазақстанда сырттан әкелінген тырысқақ ауруының ошағы жойылды 17.04.2024, 12:11 15551Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек туралы: Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер әр облысқа бекітілетін болады17.04.2024, 15:13 12431Қазақстанда мопедистерге қойылатын талаптар күшейтіледі17.04.2024, 15:17 12046Тәртіп бұзғандар әкімшілік жаза аясында қоғамдық жұмыстарға тартылады17.04.2024, 15:20 11821Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді
11.04.2024, 20:34 91666Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заң мақұлданды11.04.2024, 20:27 862412024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 116 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды11.04.2024, 20:10 86086Батыс өңірлерді үлкен судан қорғау үшін 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды12.04.2024, 13:37 85891Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі12.04.2024, 16:41 84761Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді
20.03.2024, 21:43 133086Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді04.04.2024, 16:35 120521Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды20.03.2024, 12:12 120496ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты04.04.2024, 16:30 120301Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады20.03.2024, 12:19 120061Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді