09.04.2018, 20:19 6970

Алматыда IV Халықаралық математика олимпиадасы болып өтті

Искери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтыныӊ негізінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ жоғарғы әскери оқу орындары курсанттарыныӊ арасында IV Халықаралық математика олимпиадасыныӊ кезекті кезеӊі болып өтті

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Искери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтыныӊ негізінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ жоғарғы әскери оқу орындары курсанттарыныӊ арасында IV Халықаралық математика олимпиадасыныӊ кезекті кезеӊі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Олимпиада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ қорғаныс министрліктерініӊ ұсыныстарына сәйкес өткізілуде. Бұл байқау әскери мамандардыӊ дайындық деӊгейін, олардыӊ кәсіби мотивациясын арттыру, ғылыми және шығармашылық қабілеттерініӊ көзін ашу және қалыптастыру, оқытушы-профессорлар құрамыныӊ біліктілігін көтеру, сондай-ақ, оқыту әдістемесін дамыту, әскери білім беруші жоғарғы оқу орындары арасында әділ бәсекелестік және жарыспалылық ауанын қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр", - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Олимпиадаға ТМД -ға қатысушы 7 мемлекеттен құрамалар қатысты, бұлар: Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан. Иділ қазылар алқасына оған қатысушы мемлекеттердіӊ құрамаларыныӊ жетекшілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясыныӊ ғылыми-зерттеу институттарыныӊ және басқа да жоғары оқу орындарыныӊ жетекші қызметкерлері шақырылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Ресей Федерациясы курсанттарыныӊ құрамасы бірінші, Қазақстан Республикасыныӊ құрамасы - екінші, Өзбекстан құрамасы - үшінші орынды иеленді.

"Халықаралық олимпиада келешек офицерлерді дайындау сапасын арттырып қана қоймай, қатысушыларға қазақ елініӊ бай тарихы, мәдениеті және дәстүрлерімен танысуға жердемдеседі, еӊ бастысы, жаӊа достар табуға септігін тигізеді. Олимпиадаға қатысушылардыӊ барлығы жоғарғы дайындық деӊгейін және тамаша білімдерін паш етіп, өз оқу орындары мен елдерін лайықты деӊгейде таныта алды", - деді ҚР Қарулы күштерініӊ Искери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтыныӊ басшысы, полковник Асқар Мұстабеков.

Айта кету керек, қорғаныс мекемелерініӊ басшылары офицерлер құрамын сапалы дайындау мен оқытуға баса назар аударады, бұған қоса интеллектуалдық жарыстар - халықаралық сенімді арттыра түсуге және достық байланыстарды дамытуға, ғылыми және білім беру тәжірибесімен алмасуға бағытталған сенімді құрал болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны