05.06.2007, 15:12 3097

Алматыда "Ядролық және радиациялық физика" атты VI халықаралық бас қосу өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 5 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыдағы Ядролық физика институтында кешеден бері аталмыш институттың 50 жылдығына орайластырылған "Ядролық және радиациялық физика" атты VI халықаралық бас қосу өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бас қосуға әлемнің 20 елінен, соның ішінде Украина, Ресей, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Словакия, Канададан келген 300-ге жуық ғалым-физиктер қатысады. Бас қосуға келген әр елдік өкілдері ядролық және қолданбалы физика, радиациялық материал тану , сутегі энергетикасына арналған жаңа материалдар, биологиядағы, медицина мен агроэкологиядағы ядролық-физикалық әдістер жөніндегі мәселелерді талқылайды.

Бас қосу аясында "Қазақстандағы ядролық медицинаның даму келешегі" және "Реакторлық материалтанудың өзекті мәселелері" тақырыбында екі дөңгелек үстел өткізіледі. Баяндамалардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің атына шешім қабылдау жоспарлануда.

Бас қосу 7-маусымға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны