15.08.2017, 16:20 4426

Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудыӊ жаӊа технологиясы пайланылуы мүмкін

"Алматы су Холдингі" МҚК биылғы жылдыӊ қыркүйек айында сумен қамту және судан бөлудіӊ белгілі бір учаскелерінде арнайы тексеруден өткен соӊ қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудыӊ жаӊа технологиясы енгізілетінін хабарлады.

Алматы. 15 тамыз. Kazakhstan Today - "Алматы су Холдингі" МҚК биылғы жылдыӊ қыркүйек айында сумен қамту және судан бөлудіӊ белгілі бір учаскелерінде арнайы тексеруден өткен соӊ қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жасаудыӊ жаӊа технологиясы енгізілетінін хабарлады.

Шыныпластикалық қолғаппен санация әдісі арқылы құбырларды қайта қалпына келтіру қолданыстағы су құбырлары мен кәріздерді қайта жасаудыӊ заманауи технологиясы болып табылады.Жаӊа технология жерді қазбай-ақ құбырлардыӊ қызметін 50 жылға ұзартып, оныӊ өткізгіштік қабілетін 20%-ға арттырады, бұрынғы әдіспен салыстырғанда жұмыс процессін 2 есеге (жерді қазу, қайта жабу) қысқартады.

Москва қаласы үкіметі "Мосводсток" ГУП бас директорыныӊ орынбасары Владимир Яворский соӊғы 2 жыл ішінде аталған әдіс бойынша түрлі диаметрлі 45 км су құбырыныӊ қалпына келтірілгенін айтты. "Алматы су Холдингі" өкілдерімен жұмыс барысы кезіндегі кездесуде ол "жаӊа технология бойынша жұмыс істеу тиімді әрі арзан, оныӊ үстіне Мәскеуде жер асты коммуникацияларыныӊ көптігінен қазу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Сондықтан жаӊа технология жерді қазбай-ақ ,тұрғындарға ешкедергі келтірмей ықпал етеді. Мұндай жұмыстар бір түнніӊ ішінде атқарылады"-, деді.

Ол қазіргі кезде Мәскеудегі су құбырларыныӊ 70%-дан астамы ескі екенін, бұрын "Мосводосток" жүйесі жылына су құбырыныӊ 10%-ын ғана ретке келтірсе, енді жаӊа технология арқылы 25-30%-ыныӊ жаӊарғанын айтты.

"Алматы су Холдингініӊ" мәліметі бойынша Алматыда су құбырыныӊ бұл әдісі судан ажырату желілерінде қолданылған екен. Жаӊа технология лайнер арқылы су құбырларын қайта жаӊартуға мүмкіндік береді., мұнда ауыз суды қамтамасыз етуде зиянды деп танылған "стирол" (C?H?) қолданылмайды.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылы Алматыда 57 км арық желілері, 146 км жол жөнделіп, 97 мыӊ м2 тротуар абаттандырылды, 32 км тжылу жүйесі жаӊартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп, былтыр 12 км жылу жүйесі жаӊартылған еді. Айгерім", "Ұлжан 1,2", "Қарасу", "Ақбұлақ", "Дархан", "Құрылысшы", "Өжет", "Трудовик", "Шаӊырақ 1,2", "Алтын Бесік", "Достық"және басқа ықшам аудандарда 20 мыӊнан астам үйге 380 км су және кәріз құбырлары тартылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны