09.09.2018, 18:11 6965

Алматыда Қала күні аясында кітап фестивалі өтуде

Бұл қалалық ауқымды кітап күніне айналды. Іс-шараныӊ мақсаты қазақстандық авторларды, қазақстандық баспагерлерді, кітап оқуды насихаттау. Біз кітап оқитын адамдардыӊ қатары көбейе түскенін қалар едік. Біз қазақстандық кітаптарды оқушылардыӊ қатары өсе түскенін қалаймыз. Біз қазақстандық авторларға қолдау көрсетеміз", - деді "KITAP FEST" фестивалініӊ бас үйлестірушісі Майра Илжанова.

Алматы. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында "KITAP FEST" атты кітап фестивалі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл кітап фестивалін "Бауыржан" қоры Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен 5 жыл қатарынан өткізіп келеді. "KITAP FEST" алғаш рет шағын ғана кітап алмасу түрінде басталған болса, қазір ауқымды шараға айналғанын көріп отырсыздар. Бұл қалалық ауқымды кітап күніне айналды. Іс-шараныӊ мақсаты қазақстандық авторларды, қазақстандық баспагерлерді, кітап оқуды насихаттау. Біз кітап оқитын адамдардыӊ қатары көбейе түскенін қалар едік. Біз қазақстандық кітаптарды оқушылардыӊ қатары өсе түскенін қалаймыз. Біз қазақстандық авторларға қолдау көрсетеміз", - деді "KITAP FEST" фестивалініӊ бас үйлестірушісі Майра Илжанова.

Сонымен қатар МЕЛОМАН брендімен бірлесе ұйымдастырылған "KITAP FEST" сыйлығы табысталды. Сыйлық 2018 жылғы нұсқа бойынша еӊ таралымы жоғары кітапқа табысталады. Жеӊімпаз МЕЛОМАН есебінен келесі кітапты шығару мүмкіндігіне ие болмақ.

Фестивальдіӊ үйлестірушісі айтып бергендей, іс-шараға қаладағы еӊ үлкен кітап дүкендерініӊ барлығы қатысып отыр.

"Бүгінде бұл іс-шара аса жоғары ауқымға ие болды, үлкен кітап жәрмеӊкесіне 30-дан астам кітап дүкендері мен баспа үйлері қатысып отыр. Олардыӊ арасында "Атамұра", "Көкжиек", "Аруна", Ил-Фараби атындағы ҚазМҰУ, "МЕЛОМАН", FLIP kz, Book Land кітап дүкендері бар. Кітап дүкендері өте көп. Бүгін сонымен қатар "I book you" бірлесе ауқымды кітап алмасу жүргізіледі, онда ниет білдіруші әрбір адам өз кітабын әкеліп жаӊасына алмастыра алады. Гарри Поттер туралы, Шерлок Холмс туралы кітаптарды экранға шығару бойынша көптеген фотоаймақтар да жұмыс істейді. І-шара аясында оқиғалар өте көп", - деді ол.


Фестивальде 3 жастан жоғарғы балаларға арнап "Кітап қалай жасалады?" деген тақырыпта квест ұйымдастырылады. Бұл "Аруна" баспасымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.

"Біз кітаптыӊ қалай басып шығарылатыны жайлы балалардыӊ да білгенін қалаймыз. Бүкіл схеманы білуі керек. Кітап фестиваліне орай арнайы бағдарлама жүргізіледі. Сондай-ақ, әрбір ниет білдірушіге арнап киіз басу, сурет салу, балаларға арнап аквагрим, шахмат, дойбы, моншақтан кесте тігуден шеберлік сабақтары өткізіледі", - деді Илжанова.


Бұл фестивальге 30 мыӊнан астам кітап әкеліген. Олардыӊ 5 мыӊнан астамы Алматы қаласыныӊ тұрғындарына таратылады. Сондай-ақ, барлық кітапсүйер қауымға кітап баспагерлерінен бетбелгі тарту етіледі. Фестиваль бонустарыныӊ бірі - жазушымен кездесу.

"Бұл фестивальге Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жыл сайын қатысады. Биыл бұл бесінші фестиваль. Біз 2010 жылдан бері белсене қатысып келеміз. Жыл сайын инсталляциялар ұсынып, шеберлік сабақтарын, интерактивтік ойындар мен жазушымен кездесу ұйымдастырамыз. Биыл біз "Бәйтерек" және "Кітап" жазуы бар екі инсталляция әзірледік. Кітаптардан сөз тұрғыздық. Инсталляцияда оқырмардарға керек болмай кітапханаға тапсырылған кітаптар пайдаланылады. Кітаптыӊ өмірін одан әрі ұзарта түсу - біздіӊ мақсатымыз. Бұған қоса біздіӊ шатырда жазушылармен кездесулер ұйымдастырылады. Бірінші болып балалар кітапханасыныӊ тұсакесері жасалып, балалар жазушысы Елена Клепиковамен кездесу өтпек. Жасөспірімдерге арналған кітапхананыӊ да тұсаукесері бар. Біз оқырмандарды Нонфикшн жанрымен таныстырамыз. Бұл деректі жанр. Қазақстанда ол таяуда ғана пайда болды", - деді Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесініӊ ұйымдастыру және әдістеме бөлімініӊ меӊгерушісі Наталья Коваленко.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны