17.08.2018, 19:20 12102

Алматыда Қала күні аясында жыл сайынғы IIІ "Алматы Көктөбе-Опера-2018" ашық аспан астындағы музыкалық фестивалі өтеді

Алматыда Қала күні аясында жыл сайынғы "Алматы Көктөбе-Опера-2018" ашық аспан астындағы музыкалық фестивалі өтеді

Алматы. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ мәдени астанасында Қала күні аясында 25-26 тамызда дәстүрлі ашық аспан астындағы музыкалық фестиваль "Алматы-Көк-Төбе опера-2018" өтеді.

"Бұл - Қазақстанныӊ оӊтүстік астанасындағы еӊ маӊызды фестивальдардыӊ бірі, мұнда операныӊ үздік солисттері мен шақырылған жұлдыздарыныӊ дауысы естіледі, сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрыныӊ симфониялық оркестрініӊ сүйемелдеуімен әлемдік балеттік нөмірлерді көруге болады", - деп түсіндірді Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы.

Дирижер, Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Алан Бөрібаевтыӊ жетекшілігімен, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрыныӊ симфониялық оркестрі әлемдік классикалық музыка өнерініӊ туындыларын орындайды.

Фестивальге Италияныӊ теноры, "Опера Оскары" ("Oscar Della Lirica") сыйлығыныӊ "Жаӊа ұрпақ" номинациясы бойынша жеӊімпазы Винченцо Констанца тамашалауға келеді.

Естеріӊізге сала кетейік, Алматы күнін мерекелеу аясында мегаполисте 100-ден астам іс-шара жоспарланған, онда түрлі елдердіӊ әртістері қатысады. Бағдарламада "Көк-Төбе Опера-2018" классикалық музыка фестивалі, Халықаралық "ARTBAT fest" заманауи өнер фестивалі, ашық аспан астындағы "Оркестрлер фестивалі" атты оркестрлік музыка фестивалі, "KITAP FEST" кітаптар фестивалі, "Family Festival" атты отбасы күні, халықаралық "Almaty garden show" бақшалар фестивалі, Қазақстандық "GAKKU дауысы" музыкалық фестивалі, қалалық дәстүрлі "ALMA Fest" алма фестивалі, Muzzone Dance Party, халықаралық "Mural" монументалды және сәндік өнер фестивалі, мото фристайл "Red bull FMX JAMS", "Almaty Film Festival", "Junior Eurovision" жобасы, Алатау ауданыныӊ 10 жылдық мерейтойын атап өту, "Almaty Fest Big City Picnic", кілем бұйымдарыныӊ көрме-жәрмеӊкесі, "Қазақстан Камерата" мемлекеттік оркестрініӊ өнер көрсетуі және т.б.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны