31.08.2018, 14:33 11478

Алматыда Қала күні мерекесі аясында "Алатауым - алтын ұям" атты республикалық ақындар айтысы өтеді

Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен өтетін жыр жәрмеӊкесі Алатау ауданыныӊ 10 жылдығы мен "Алматы ақшамы" газетініӊ 30 жылдығына арналады.

Алматы. 30 тамыз. Kazakhstan Today - 15-16 қыркүйекте, сағат 15.00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Қала күні мерекесі аясында "Алатауым - алтын ұям" атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен өтетін жыр жәрмеӊкесі Алатау ауданыныӊ 10 жылдығы мен "Алматы ақшамы" газетініӊ 30 жылдығына арналады. Аламан айтысқа Бекарыс Шойбеков, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Исем Ереже, Рүстем Қайыртай, Мұхтар Ниязов, Қалижан Білдәшев, Төлеген Жаманов, Шұғайып Сезімхан, Біржан Байтуов, Қазірет Бердіхан, Қанат Мырзахан, Ершат Қайболдин, Ержан Иміров, Рауан Қайдаров, Саягүл Бірлесбек, Абай Жолмағанбетов, Арғынбек Қалжан тәрізді топ жарған жиырма ақын қатысып, "Таскредит" қаржы компаниясыныӊ (президенті Дулат Тастекеев) және "Ай-Cер" компаниясыныӊ (Айкерім және Айкүнім Мәнізорова) жүлделерін сарапқа салады. Сондай-ақ, "Алматы ақшамы" газетініӊ және "Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорыныӊ" арнайы жүлделері бар. Бас жүлде - Автокөлік.

Айтысты Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердіӊ Халықарлық одағыныӊ басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Билеттер "Алатау" театрыныӊ, Республика сарайыныӊ, Студенттер сарайыныӊ кассаларында сатылады. Ұлттық өнердіӊ тойына асығыӊыздар! , деп жазады "Алматы ақшамы" газеті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны