21.09.2009, 17:57 2961

Алматыда Қала күні мерекесі бағдарламасы аясында кеше веложарыс өтті

Алматыда Қала күні мерекесі бағдарламасы аясында кеше веложарыс өтті

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қала күні мерекесі бағдарламасы аясында кеше Алматыда 600-ге жуық адам қатысқан веложарыс болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Веложарыс екі мәреден тұрды. Біріншісі- әл-Фарабиден Луганск көшесіне дейін, екіншісі - жүрушілер, үшіншісі - қатысушылар.

Акцияға қатысушылар жүгіруді Mega Center Alma-Ata кешені жанынан бастады. Веложарысқа дайындық ойдағыдай болды. Және бұл шара көпшіліктен барған сайын қолдау тауып келеді. Жарысқа қарапайым алматылықтар, қала қонақтары, әуесқойлар, кәсіби спортшылар, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

Велосипед инфрақұрылымы Алматы қаласының 2009 - 2018 жылдарға арналған бағдарламасына енген. Тіпті, бұл мәселе қаланың Бас жоспарына да енетін болады.

Мәреге жеткен кезде Ахметжан Есімов акция жеңімпаздарына сертификаттар, сыйлықтар мен жүлделер тапсырды. Қала әкімі бұл шараға қатысушылардың барлығын Алматы күнімен құттықтады.

"Біздің қалада велосипедпен жүрушілер күн санап көбейіп келеді. Екі рет жүгіру өткізу де өз нәтижесін берді. Бұл спорт түрін біз алдағы уақытта да насихаттап, дамыта беретін боламыз. Біздің қаламызда сұлу, салиқалы әрі салауатты өмір салтын қабылдаған жандар тұрады", - деді Ахметжан Есімов.

Бұл - Алматыда өткізіліп отырған үшінші веложарыс. Біріншісі - Спорт күні 16 тамызда, екіншісі - Конституция күні өткен болатын. Алматы әкімі келесі жарыс 17 қазанда өтетінін айтты, деп хабарлайды әкімдіктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны