08.10.2018, 18:48 8143

Алматыда қала күнін мерекелеу шеӊберінде "Ермек Серкебаевтыӊ дәуірі" атты мультимедиялық көрме өтуде

Мультимедиялық жоба Қазақ КСР-ініӊ музыкасы, театры, операсы, балеті мен киносыныӊ тарихына экскурс түрінде ұйымдастырылған. Көрмеге келушілер аты аӊызға айналған әнші Ермек Серкебаевтыӊ және оныӊ замандастарыныӊ мысалында ХХ ғасырдыӊ 20-80-ші жылдарында республикамыздыӊ мәдениеті қалай дамығанын көреді.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 26 қыркүйектен 25 қазанға дейін Алматыда "Ермек Серкебаевтыӊ дәуірі" атты мультимедиялық көрме өтеді. Өткізілетін орны - "Арман" кинотеатрыныӊ жаӊартылған арт-кеӊістігі (Достық даӊғылы, 104). Экспозицияныӊ жұмыс істейтін уақыты - күн сайын сағат 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін, кіру тегін.

Мультимедиялық жоба Қазақ КСР-ініӊ музыкасы, театры, операсы, балеті мен киносыныӊ тарихына экскурс түрінде ұйымдастырылған. Көрмеге келушілер аты аӊызға айналған әнші Ермек Серкебаевтыӊ және оныӊ замандастарыныӊ мысалында ХХ ғасырдыӊ 20-80-ші жылдарында республикамыздыӊ мәдениеті қалай дамығанын көреді.

"Арман" арт-кеӊістігініӊ алты залында орнатылған үлкен экрандарда көрнекті әншілер, актерлар, әртістер, балет әртістері, жазушылар, ақындар, режиссерлер мен дирижерлер - Қазақстанныӊ қазіргі заманғы мәдениетініӊ негізін қалаған барлық қайраткерлер түсірілген сирек кездесетін кино- және фотоматериалдар көрсетіледі. Материалдарды Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар мұрағаты, Ресейдіӊ Мемлекеттік фильм қоры, Серкебаевтар мен Жұбановтар отбасылары ұсынған. Олардыӊ көпшілігі алғаш рет көрсетіледі.

"Ирбір адам - бұл тағдыр және тарих. Өзініӊ тарихы, адамныӊ өмір сүрген және өмір сүріп жатқан уақыты мен жерініӊ тарихы..." - деп айтатын Ермек Серкебаев.

КСРО халық әртісі, КСРО мен ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарыныӊ лауреаты, Социалистік Еӊбек Ері, профессор, халықаралық конкурстардыӊ лауреаты Ермек Бекмұхамедұлы кеӊестік Қазақстанныӊ еӊ атақты опералық орындаушысы болған десек артық айтқандық емес, оныӊ дарыны туған республикасында да, басқа елдерде де адамдардыӊ жүректерін баурап алатын. Серкебаевтыӊ артында қалдырған мұрасы - баға жетпес құндылық.

Аты аӊызға айналған әншініӊ өмірініӊ кезеӊдерімен және сол заманныӊ шығармашылық контекстімен Ермек Бекмұхамедұлыныӊ ұлы, A'studio тобыныӊ негізін қалаушы Байғали Серкебаев дыбыстаған аудиогидтіӊ көмегімен танысуға болады. Келушілердіӊ назарына әншініӊ берген сұхбаттарынан үзінділер және сол заманға визуалды бойлауды толықтыра түсетін музыкалық туындылар ұсынылады. Залдардыӊ бірі Ермек Серкебаевтыӊ ата-анасына және балалық шағына, басқалары Алматыныӊ мәдени өміріне, әншініӊ дүниеге көзқарасына әсер еткен одан жасы үлкен әріптестеріне, опералық бейнелерді сомдау жұмысына, қазақ кинематографына, Ермек Серкебаевтыӊ әлем бойынша гастрольдік сапарларына және педагогикалық қызметіне арналған.

Көрме мектеп оқушылары мен студенттерден бастап аға буын өкілдеріне дейін, жас шамасы әр түрлі келушілерге есептелген. Қала күнін атап өтуге орайластырылған осынау оқиғаны Ермек Бекмұхамедұлыныӊ отбасы - ұлы Байғали Серкебаев (Ермек Серкебаев атындағы Мәдениет пен өнерді қолдау қорыныӊ құрылтайшысы), немерелері Камила (Ермек Серкебаев Қорыныӊ директоры) және Сана Серкебаевалар (көрменіӊ кураторы) ұйымдастырды. Алматы қаласыныӊ Мәдениет және мұрағаттар басқармасы және активтерді басқару жөніндегі "Алмалы" компаниясы экспозицияға ықпалдастық жасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны