17.09.2018, 23:55 6267

Алматыда Қала күніне арналған ауқымды мерекелік шаралар өтуде

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Қала күніне арналған ауқымды мерекелік шаралар өтуде. Мереке күні дәстүрлі "Apple Fest" алма фестивалі ұйымдастырылып, шара бірден бірнеше алаӊдарда: ҚР Тұӊғыш Президентініӊ саябағында, Панфилов көшесінде, Almaty Arena алдындағы алаӊда, Жібек Жолы көшесінде, Абай және Астана алаӊдарында, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, "Көктөбеде" өтті.

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.

"Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша біз Алматыны әлемніӊ үздік мегаполистерініӊ біріне айналдыру үшін қала кеӊістігін жүйелі трансформациялауды бастадық.

Осы уақыт ішінде "Қала адамдар үшін" жобасы аясында тарихи орталықтыӊ 60%-ы жаӊарды, жаяу жүргінші жолдары экономикаға оӊ ықпал етуде, бизнесті ынталандырып, жаӊа жұмыс орындары құрылуда.

Алматылықтарға қаланыӊ қай жерінде тұратындығына қарамастан бірдей жағдай жасалуда. Орталықтандыру қағидасы бойынша барлық аудандар даму үстінде. Қала тұрғындары жер асты өтпелі жолдардыӊ қауіпсіздігі мен тазалығын жоғары бағалауда. Ирбір үшінші аула, 500-ден астам көше жаӊарды, парктер мен скверлер түрленді, жасыл желек аумағы ұлғайды, қаланыӊ 130 тарихи ғимараты түнге қарай архитектуралық жарықпен нұрлана түсті.

Құрметті алматылықтар, алдымызда көптеген істер шешімін күтуде, сіздермен бірге оларды жүзеге асыратынымызға мен сенімдімін, Алматыныӊ әр адам тұлға ретінде қалыптасып,арманы орындалатын әсем қалаға айналатыны ақиқат. Қалаға және Сіздерге ардақты алматылықтар, одан әрі гүлдену мен өркен жаюды шын жүректен тілеймін!", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.


Салтанатты шара басрысында "Алматы қаласыныӊ құрметті азаматы" атағы Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел- елші Ақмарал Арыстанбековаға, халық артисі Ескендір Хасанғалиевке, ғалым- әдебиетанушы Серік Қирабаевқа берілді.

Қала күні құрметіне орай ҚР Тұӊғыш Президентініӊ саябағында еӊ ұзын "Құрақ көрпеніӊ" Гинестіӊ рекордтар Кітабына енуіне қатысты тұсаукесер өтуде. Ұлттық көрпеніӊ ұзындығы 10900 метр, саябақты түгел алып жатыр. Еске салсақ, қазақи көрпені жасауға қаланыӊ және өӊірлердіӊ шеберлері мол үлес қосты. Құрақ көрпені тігу Наурыз мерекесі кезінде басталған еді.

Қала күні мерекесі Almaty Arenaдағы "B-DAY Party" концертімен және "Астана" алаӊында түнгі сағат 21:00-де болатын салютпен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны