15.10.2018, 17:37 8612

Алматыда қала күніне арналған күздіӊ бесінші велошеруі өтті

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ он тоғызыншысы болып табылады. "Спорттық Алматы" бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Алматы. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қазанныӊ 14-і күні "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында қала күніне арналған күздіӊ бесінші велошеруі өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

400-ге жуық велосүйер қауым Нұрлы Тау бизнес орталығынан Тұӊғыш Президент саябағына дейін 7,5 км қашықтықты жүріп өтті.

Мәреде қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Бүгін Андрей Шаповаловтыӊ бағы жанды, ол бас жүлде - жаӊа велосипедті жеӊіп алды.

- Мен бірінші рет жүлделі болдым. Велошерулерге екі жыл бойы қатысып келемін, ұйымдастырушылар біз үшін жолдарды жауып, жақсы көӊіл көтеріп, өз қалаӊмен серуендеуге мүмкіндук береді. Велоспорт - мен үшін хобби, өзім жеке кәсіпкермін. Барлық қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға, велошерулерге қатысуға шықырамын, қала әкімдігі біз үшін барлық жағдайды жасап жатыр, - деп бүгінгі темір тұлпардыӊ иесі салауатты өмір салтын жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ, велошеруге жастар құрылтайыныӊ аясында Алматыда бас қосқан "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясыныӊ 100-ге жуық қызметкерлері қатысты.

- Бүгінгі велошеруге "ҚазМұнайГаз" компаниясыныӊ жас қызметкерлері қатысып отыр. Ир компанияда жастар кеӊесі құрылған, біз бес бағыт бойынша жұмыс атқарамыз, олардыӊ бірі - салауатты өмір салты. Бізде жыл сайын жастар құрылтайы өтеді. Биылғы жылы Алматыда жиналып отырмыз. 2019 жылы Жастар жылы деп жарияланғандықтан, осы бағытта жұмысымызды жалғастырамыз, - деді "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жастар кеӊесініӊ төрағасы Саят Қайгелдинов.

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ он тоғызыншысы болып табылады. "Спорттық Алматы" бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны