07.08.2017, 19:24 4313

Алматыда қала күніне орай 60-тан астам фестивальдер мен концерттер өтеді

Қала тұрғындары мен қонақтарына бір ай бойына барынша мазмұнды мәдени - сауық бағдарламалары ұсынылады: 60-тан астам жаӊа әрі бұрыннан бар фестивальдер мен концерттерді тамашалауға болады.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда қала күніне орай 60-тан астам фестивальдер мен концерттер өтеді,- деп хабарлайды әкімдік.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бір ай бойына барынша мазмұнды мәдени - сауық бағдарламалары ұсынылады: 60-тан астам жаӊа әрі бұрыннан бар фестивальдер мен концерттерді тамашалауға болады. Қала күніне арналған мерекелік бағдарлама "Медеу" биік мұз айдынында 19-20 тамызда басталады, мұнда "Рухани жаӊғыру" аясында алғашқы халықаралық "Star of Asia" музыка фестивалі өтеді.

Азияныӊ түрлі бағыттағы танымал орындаушылары хип-хоптан бастап, классиканы, r'n'b дан инди-попты және рокты ұсынып, алматылықтар үшін нағыз музыкалық мереке жасайды. Форматы бойынша мүлдем жаӊа фестиваль болып табылатын Star of Asia" "Азия даусы" музыкалық байқауыныӊ дәстүрлі жалғасындай. "Медеу" биік мұз айдынына Қытайдыӊ, Түркияныӊ, Жапонияныӊ, Оӊтүстік Кореяныӊ, Индияныӊжәне басқа шетелдердіӊ танымал әншілері келеді. Олдардыӊ арасында оӊтүстік кореялық "U-KISS" К-рор тобы, Индияныӊ әншісі Sanah Moidutty, түрік жұлдызы Murat Boz бар. Екі күн ішінде шетелдік артистермен бірге МузАРТ, Кайрат Нұртас, Айкын, Или Окапов және басқа қазақтандық орындаушылар да өнер көрсетеді. Билеттерді "Kassir.kz" cайтынан алуға болады. 7 тамыздан бастап "Меломан" желісі мен Республика сарайыныӊ кассаларына фестиваль билеттері түсе бастайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары бір ай ішінде "Көк-Төбе - Опера" халықаралық музыка фестиваліне барып, ашық аспан астында"Оркестрлер шеруін", "Aлма fest" алма фестивалін тамашалап, "ТойҚазан 2017" атты Қазақстан халықтарыныӊ ұлттық ас мәзірлері фестивалінен дәм татып,"Gakku даусы" көпмыӊдық Open Air ді қызықтап, "Тұлпар" ұлттық киносыйлығын тапсыруға қатысып, Ғ. Мүсірепов атындағы жастар театрыныӊ "Базарым тарқамасын" спектаклін және басқаларын көре алады. "Almaty Sales Festival: Summer 2017" жеӊілдік фестивалі аясында қаланыӊ 100-ден астам сауда орталықтары арзан тауарларды ұсынады.

Қала күні мерекесінде, 17 қыркүйекте "Алматы Аренада" "Muzzone" телеарнасыныӊ VI Евразиялық "EMA 2017" музыкалық сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.

Көӊілді мәдени бағдарламалардан өзге алматылықтар мен қала қонақтары спорт жарыстарын да тамашалай алады. Олардыӊ ішінде қазақ күресі бойынша көптіӊ көӊілінен шыққан "Илем Барысы" турнирі. 9 қыркүйекте "Alash Pride" палуандарыныӊ жарысы өтеді, мұнда ешкімге жеӊіліс бермеген Арман Оспанов бразилиялық Тиаго Тавареспен күш сынасады. Биыл "Тур Алматы" веложарысы екі күн бойына 28-29 қыркүйекте өтеді әрі халықаралық көпкүндік турлардыӊ еӊ маӊыздысы болып табылады. "Евроспорт" телеарнасы жарысты тікелей трансляциялайды.

Атап өтерлік жайт, "Алматы Аренада" жақын айлар ішінде "ABBA platinum", "А'studio", "Грибы" және басқаларыныӊ концерттері өтеді. Республика Сарайында Төреғали Төреәлі, Ваенги, Наргиз Закирова, Павел Воли және басқа қазақ және ресейлік эстрада жұлдыздарыныӊ концерттері өтеді. Бұлардан өзге, биыл М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры мен еліміздіӊ еӊ көне Алматы зоологиялық паркі өздерініӊ 80 жылдық мерейлі мерекелерін атап өтеді.

Қала күніне орай жаяу жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊын қайта жасау жұмыстары аяқтау жоспарланған және бірқатар әлеуметтік нысандар, аудан әкімдігі, ХҚКО, сот, прокуратура, әділет басқармасы және басқалары орналасатын Наурызбай ауданыныӊ әкімшілік орталығы ашылады.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаевтыӊ 2014 жылғы 17 қаӊтардағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына жолдауында: "жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаӊаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттыӊ ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардыӊ бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек",- делінген.

Дәстүр мен мәдениет - ұлттыӊ генетикалық коды.Тәуелсіздік жылдарында, жаһандану мен вестернденуге қарамастан, біздіӊ мәдени іргетасымыз беки түсті. Біз өзіміздіӊ ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.

Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында: ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаӊғыру болмайды.

Жаӊа тұрпатты жаӊғырудыӊ еӊ басты шарты - сол ұлттық кодыӊды сақтай білу. Онсыз жаӊғыру дегеніӊіздіӊ құр жаӊғырыққа айналуы оп-оӊай.

Мен халқымныӊ тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудіӊ берік діӊі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

Біз ХХІ ғасырдыӊ жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасын іске асыруға тиіспіз.

Илем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек,- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны