14.09.2018, 18:50 8007

Алматыда қала күніне орай "Илем музыкалық аспаптары мұражай сахнасында" атты халықаралық фестиваль өтуде

14 қыркүйекте фестиваль "Илем халықтарыныӊ музыкалық аспаптары музей сахнасында" және "Аӊыз домбыра" шеберлер байқауы жеӊімпаздарыныӊ қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады. Кеш соӊынан қатысушы елдердіӊ ұлттық музыкалық аспаптары музей қорына қабылданады.

Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда қала күніне орай 2018 жылғы 13-14 қыркүйек күндері Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде қала күніне орай, Алматы қаласы мен Стамбул (Түркия), Вильнюс (Литва), Минск (Беларусь), Будапешт (Венгрия), Александрия (Египет) қалаларыныӊ арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Илем музыкалық аспаптары" халықаралық фестивалі өтеді.

"Біздіӊ музей музыкалық аспаптардыӊ жалғыз музейі болғандықтан, мұнда тек қазақтыӊ халық музыкалық аспаптары ғана емес, сонымен бірге әлем халықтарыныӊ музыкалық аспаптары бар. Сол себепті біз Мәдениет басқармасымен бірлесіп қала күніне орай әлем халықтарыныӊ музыкалық аспаптарыныӊ фестивалін өткізуді ұйғардық. Фестивальдіӊ мақсаты - мәдени байланыстарды нығайту. Басқа халықтардыӊ музыкалық дәстүрлерін насихаттау. Алматы - мәдени орталық. Мұндай фестиваль әрдайым болуға тиіс. Біз оны жыл сайын өткізіп отыруды жоспарлаудамыз. Тек бауырлас қалалармен ғана емес, басқа елдермен де бірлесе өткізуді, географиямызды кеӊейтіп, музыкалық аспаптарды музей қорына жинауды жоспарлап отырмыз. Музейді және әсем қаламыз Алматыны әлемдік деӊгейде таныту", - деді Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейініӊ директоры Ұлжан Байбосынова.

Фестивальге Вильнюс (Литва), Минск (Беларусь), Будапешт (Венгрия) қалаларынан халық музыкасын орындаушы музыканттар келді.

Музей директорыныӊ айтуынша, музыканттар өз халықтарыныӊ музыкасын тек музей сахнасында орындаумен ғана шектелмей, шеберлік сабақтарын өткізіп, онда аспаптардыӊ тарихы туралы әӊгімеледі.

"Өте қызықты болды. Беларусьтен өздерініӊ цимбала аспабын әкелді. Көне дәуірде ол Азиядан әкелініп, кейін Шығыс Еуропаға, одан әрі Орталық Еуропаға жеткізілген. Бізде де мұндай аспап бар. Ол Жетіген деп аталады. Венгрлер әкелген аспап та бізде бар. Ол - месқобыз. Волынка секілді. Тіпті атаулары да бірдей. Оларда да месқобыз деп аталады. Халықтардыӊ музыкалық аспаптары өзщара ұқсас. Музыка мен мәдениет халықтарды әрдайым біріктіреді", - деді ол.

14 қыркүйекте фестиваль "Илем халықтарыныӊ музыкалық аспаптары музей сахнасында" және "Аӊыз домбыра" шеберлер байқауы жеӊімпаздарыныӊ қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады. Кеш соӊынан қатысушы елдердіӊ ұлттық музыкалық аспаптары музей қорына қабылданады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны