17.09.2018, 12:37 5793

Алматыда қала күніне орай Алма көрмесі өтуде

Пирамидалар гүлзарында, Almaty Art Center алдында Алма көрмесі өтуде. Оған келушілер алманыӊ түрлі сұрыптарымен таныса алады. Көрмеге алманыӊ түрлі сұрыптарыныӊ 25-тен астам фотосуреттері қойылған, оларға қысқаша сипаттама берілген.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда қала күніне орай Алма көрмесі өтуде, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Осы демалыс күндері, 15 және 16 қыркүйекте Алматы туған күнін тойлауда. Қала күніне орай мерекелік түрлі іс-шаралар барлық аудандарда өткізілуде. Almaty arena биыл мерекеніӊ ресми орын-жайы болып таӊдалды. Сенбі және жексенбіде онда балалар мен ересектерге арналған тақырыптық ойындар өткізіліп, халық еркін серуендеуде.

Пирамидалар гүлзарында, Almaty Art Center алдында Алма көрмесі өтуде. Оған келушілер алманыӊ түрлі сұрыптарымен таныса алады. Көрмеге алманыӊ түрлі сұрыптарыныӊ 25-тен астам фотосуреттері қойылған, оларға қысқаша сипаттама берілген.

"Еӊ бастысы, қонақтарымыз мерекеден жоғары көӊіл-күймен қайтуы керек. Өйткені бұл күзгі соӊғы жылымық күндер ғой. Біз мерекеніӊ жылы шыраймен өткізілгенін қалаймыз, өйткені адамдар салқын маусымға ден қоя отырып көӊілдерінде осы мерекелік жылуды сақтап қалуы керек. Өздерініӊ қаласын қалай сүйетінін еске ьүсірулері керек. Қаланыӊ өз тұрғындарын осындай ауқымды отбасылық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қуантуға "рдайым дайын екеніне назар аударса дейміз", - деді Алматы қаласы спорттық ғимараттар дирекциясыныӊ маркетинг бөлімініӊ төрайымы Нағима Мерзакирова.

Сондай-ақ, Almaty Art Centre орталығында 14 қыркүйекте Қала күніне және Қазақстанныӊ Суретшілер одағыныӊ 85 жылдығына арналған ауқымды сурет көрмесі ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны