16.08.2018, 21:56 5242

Алматыда қала күніне орай мейрамханаларда алғаш рет құрамында алмасы бар арнайы ас мәзірлері әзірленеді

Мереке шеӊберінде қала әкімдігі оӊтүстік астананыӊ нышан белгісіне айналған алма басты құрамдас бөлігіне айналатын еӊ үздік ас мәзірін әзірлеуге мейрамханалар мен дәмханалар арасында байқау жариялайды.

Алматы. 16 тамыз. KazakhstanToday - Алматыда 25 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қаланыӊ 1002 жылдық мерейтойы өтеді. Мереке шеӊберінде қала әкімдігі оӊтүстік астананыӊ нышан белгісіне айналған алма басты құрамдас бөлігіне айналатын еӊ үздік ас мәзірін әзірлеуге мейрамханалар мен дәмханалар арасында байқау жариялайды.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, қаладағы еӊ шебер шеф-аспазшылар Алматыныӊ туған күніне орай арнайы ас мәзірін дайындап, оны келушілерге ұсынатын болады. Бұл бірегей жобаға қазірдіӊ өзінде 30-дан астам мейрамхана қызығушылық танытқан. Байқауға қатысушылар "Еӊ үздік алмалы ас мәзірі", "Еӊ үздік алмалы сусын", "Еӊ үздік алмалы салат", "Еӊ үздік алмалы десерт" аталымдары бойынша бақ сынасады.

"Біз мейрамханаларды алманыӊ негізінде жаӊа тамақтар, десерттер мен сусындар әзірлеуге шақырамыз. Жалпықалалық байқауға қатысыӊыздар және сіздердіӊ ас әзірлеудегі қиял көкжиектеріӊіз бен шеберліктеріӊіз өздеріӊізге жеӊіс сыйлайды. Сіздер ұйымдастырушылардан сыйлық алып қана қоймай, мейрамхана, бар немесе дәмханаларыӊызды 2018 жылдыӊ 14-15-16 қыркүйегінде ауқымды түрде атап өтілетін Қала күні шеӊберінде кеӊінен танытуға бірегей мүмкіндік аласыздар. Алматы - алманыӊ отаны. Олай болса, қаламыздағы мейрамханалар мен дәмханаларда алманыӊ негізіндегі ас мәзірлнрі неге аз? Олай болса, барлығымыз бірлесе отырып Алматыны құрамында алмасы бар ас мәзірлерініӊ астанасына айналдырайық", - дейді Алматы қаласы Мәдениет және мұрағаттар басқармасындағылар.

Жеӊімпаздарға бас жүлде ретінде қаладағы медиабордтарда мейрамхананы жыл бойы жарнамалау, мейрамхана ұжымы үшін Алматыныӊ туристік орындарын аралай отырып тeam-билдинг ұйымдастыру, Алматы телеарнасында жарнамалық бейнероликті жыл бойы тарату және т.б. ұсынылады.

Еске сала кетейік, Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында жүзден астам шара жоспарланған, оларға әлемніӊ әр елінен келген әртістер қатысады. Бағдарлама шеӊберінде "Алматы Көктөбе Опера" классикалық музыка фестивалі, Халықаралық қазіргі заман өнерініӊ "ARТBAT fest" фестивалі, оркестр музыкасыныӊ ашық аспан астындағы "Оркестрлер фестивалі", "KITAP FEST" кітап фестивалі, "Family Festival" отбасы күні, "Almaty garden show" халықаралық бақ фестивалі, "GAKKU дауысы" Қазақстан музыкасыныӊ фестивалі, "ALMA Fest"қалалық дәстүрлі алма фестивалі, Muzzone Dance Party, "Mural" монументалдық-декоративтік өнердіӊ халықаралық фестивалі, "Red bull FMX JAMS" мото фристайлы, "Almaty Film Festival", "Junior Eurovision" жобасы, Алатау ауданыныӊ 10 жылдығы, Almaty Fest Big City Picnic", кілем өнімдерііӊ көрме-жәрмеӊкесі, "Камерата Қазақстан" мемлекеттік оркестірініӊ концерті және т.б. жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны