16.06.2006, 13:08 3104

Алматыда қалалық қан қабылдау орталығының тұсаукесері өткізілді

АЛМАТЫ. 16-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда қалалық қан қабылдау орталығының тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі денсаулық сақтау дапертаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, қан орталығы жалпы аумағы 1195 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимаратты иемденеді.

2004-2005-жылдарда орталық ғимараты жергілікті бюджет есебінен бөлінген 67,4 млн. теңгеге жаңартылып жөндеуден өтті. Сонымен бірге медициналық және технологиялық жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен жиһаздар сатып алынды.
15-ақпанда донорларды қабылдау, медициналық ұйымдарды қанның құрамды бөліктерімен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. 1-маусымдағы жағдаймен қалалық қан орталығы 3,7 мың донорды қабылдап, 2,5 мың тоннадай қан өңдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны