19.06.2009, 16:16 3048

Алматыда қалалық жедел жәрдемнің жаңа подстанциясы іске қосылды

Алматыда қалалық жедел жәрдемнің жаңа подстанциясы іске қосылды

Алматы. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда медицина қызметкерлері күнінің қарсаңында Қалқаман ықшамауданында қалалық жедел жәрдемнің жаңа № 8 подстанциясы іске қосылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл шара 2008-2010 жылдары Алматы қаласының денсаулық сақтау саласын реформалау жөніндегі бағдарлама аясында жүзеге аспақшы

Қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы 1,3 млн астам адамға медициналық көмек көрсетеді. Оның құрамына жедел жәрдем бригадасының тез арада келуін қамтамасыз ететін 7 подстанция енген.

Станция штатында 1,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жедел жәрдемнің 126 бригадасы тәулік бойына қызмет жасайды. Оның ішінде 7 реанимациялық, 18 интенсивті терапия, 17 педиатрия, 57 дәрігерлік, 27 фельдшерлік бригада бар. Олардың барлығы жаңа әрі қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған.

"Қалқаман мөлтек ауданындағы №8 подстанцияның "ССМП" МҚК-ындағы күрделі жөндеу қалалық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асты.

Подстанцияны жөндеу 2008 жылдың мамырында басталған болатын. Нақтылы жұмсалған қаржы - 97 млн 53,4 мың теңге",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны