14.08.2017, 16:18 4339

Алматыда қаланы дамытуға және азаматтардыӊ әлеуметтік жағдайларына қосымша қаржы бөлінді

Алматыда VI шақырылымдағы мәслихаттыӊ XIX- ші сессиясы барысында қаланыӊ 2017 жылға нақтыланған бюджеті 10,4 млрд. теӊге болып қабылданды. Қосымша қаржы көздері коммуналдық меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіру және әкімшілік айыппұлдардан түсті.

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда VI шақырылымдағы мәслихаттыӊ XIX- ші сессиясы барысында қаланыӊ 2017 жылға нақтыланған бюджеті 10,4 млрд. теӊге болып қабылданды. Қосымша қаржы көздері коммуналдық меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіру және әкімшілік айыппұлдардан түсті. "Алматы 2020 даму" Бағдарламасыныӊ тұжырымдарына сай қаланы дамыту мен азамттардыӊ әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысты өзгеріс енгізілді.

Бүгінгі күні Алматыда негізгі көрсеткіштер бойынша өсім динамикасы қалыптасқан.2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында ІӨӨ алдын ала жасалған мәлімет бойынша 3%-ды құрайды. Бөлшек сауда 6,8%-ға, өнеркәсіп 4,7%-ға, байланыс 4,9%-ға, тұрғын үй салу 15,6%-ға артқан.Өткен жылдыӊ осы кезеӊінде аталған салалар бойынша көрсеткіштер төмен болған еді.

Республикалық бюджетке 7 айдыӊ ішінде 705,3 млрд. теӊге түсті, бұл өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 54,9 млрд. теӊгеге көп. Инвестиция көлемі 235,7 млрд. теӊгеге жетіп, өсім 12,2% болды.Негізгі өсім жеке инвестиция үлесініӊ 84% болуы арқасында қамтамасыз етілді.Биылғы жылы экономикаға тартылған мемлекеттік инвестиция көлемі 139 миллардтан 160 млрд. теӊгеге жетті, жергілікті бюджеті ауқымы артып, 101 млрд. теӊгеге ұлғайды.

Атап өтерлік жайт, Алматыда өткен жылы табыстар бойынша жергілікті бюджет 12,2 млрд. теӊгеге, республикалық бюджет 102,6 млрд. теӊгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджет алымы жылдан жылға өсіп отырған. Алматы еліміздіӊ еӊ ірі мегаполисі екенін әрі көп инвестицияны қажет ететінін ескерсек, 2017 жылы қаланыӊ бюджеттік алымы біршама азайды.

Білім саласындағы негізгі проблемалардыӊ бірі сыныптардыӊ толымдылығы. Сондықтан №198 мектеп жанынан қосалқы обьект салу үшін 28,4 млн. теӊге бөлінді.№138 гимназия жанынан 600 орынды нысан салу үшін 5 млн. теӊге бөлінді әрі ЖСҚ жасалуда. Алматыдағы №2 гуманитарлық-педагогикалық колледжде 500 оқушыға арналған қосалқы нысан салу үшін 4,8 млн теӊге бөлінді және ЖСҚ дайындалуда.

Балалардыӊ қауіпсіздігі үшін оқу орындарыныӊ сейсмикалық қуатын арттыруға жіті назар аударылуда.Тілі мүкіс балалар сабақ алатын №9 мектеп - интернаттыӊ сейсмикалық қауіпсіздігін нығайту және ЖСҚ дайындау үшін 8,5 млн. теӊге бөлінеді. Биыл 42 білім ошағыныӊ құрылысы мен сейсмикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру қарастырылған. Бұлардыӊ 29 объектісі биыл іске қосылады.

Қала мектептерініӊ оқу құралдарын алу үшін 528,2 млн. теӊге бөлу жоспарланған. Жеке бала бақшаларда балдырғандар саныныӊ артуы барысында мемлекеттік білім тапсырысы үшін 123 млн. теӊге бөлінеді.Бұқаралық кәсіпкерлік аясында жастар практикасына қатысатын 1,5 мыӊ адамға 166,7 млн. теӊге жоспарланған.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету оталықтарында қамқорлыққа алушылар қатарыныӊ 1 130 дейін жетуіне орай азық- түлік өнімдерін алу үшін 51,1 млн. теӊге, дәрі- дәрмек үшін 17,1 млн. теӊге бөлу қарастырылған. Илеуметтік қолдау және оны тұтынушылар саныныӊ артуына байланысты 43,8 млн. теӊгеге 144 кресло-арбалар, 3,8 млн. теӊгеге 57 есту аппараттары алынып, 14,4млн. теӊгеніӊ Инватакси қызметі ұсынылады.

Медициналық қызмент сапасын арттыруға айрықша назар аударылады, осыған орай бұл салаға қосымша 1,2 млрд. теӊге бөлінеді. Дәрігерлердіӊ біліктілігін арттыруға жете мән беріледі. 83 медициналық жабдық пен патологоанатомиялық бюроға 1 жүк лифтін алу үшін 893,1 млн. теӊге бөлінеді. Денсаулық сақтау нысандарыныӊ сейсмикалық қуаттылығын арттыруға және 3 нысандағы жұмысты аяқтауға 22,9 млн. теӊге жұмсалады. Биыл 18 денсаулық сақтау нысаны салынуда әрі жөнделуде, олардыӊ 10 объектісі жыл аяғына дейін іске қосылады.

Тұрғын үй- коммуналдық қызметті жақсартуға 3,8 млрд. теӊге қарастырылған. Қазіргі кезде жылу жүйелерін, су құбырларын жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Қалаға қосылған елді мекендерді жарықпен қамтамасыз етуді жақсарту және қаланыӊ Оӊтүстік- Батыс бөлігіндегі 153 га жерге орналасқан аумақты электрмен қамтамасыз ету үшін 2,8 млрд. теӊге қарастырылған. Қалаға қосылған елді мекендерде электр желісін салу үшін ЖСҚ дайындауға 6 млн. теӊге бөлінеді.

"Өӊірлерді дамыту- 2020" бағдарламасы аясында 3,4 км инженерлік инфрақұрылым, су құбырлары жөнделеді, кәріздер жасалады. Достык ықшам ауданында осындай ауқымды жұмыстарды жүргізу үшін 130,4 млн. теӊге, Калкаман-1,4 ықшам ауданына 53,3 млн. теӊге бөлінеді, арнайы медқамтамасыз етудіӊ қойма базасыныӊ қазандығын салуға 30 млн. теӊге қарастырылған.

ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы аясында 58 үй кешенді жөнделеді, 43 үйдіӊ шатырын жөндеуге 745 млн. теӊге бөлінеді. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша "Саялы-2" көпқабатты үй үшін инженерлік желілер салуға 104 млн.теӊге бөлінеді.

Қаланы абаттандыруға 593,4 млн. теӊге жұмсалады. Арық желілерін жақсартуға баса назар аударылады.5,9 км арық желісі мен жауынды канализация құрылысына 243,8 млн. теӊге қарастырылған. "АЖК" АҚ сыртқы жарық көздерін қамтамасыз етуге 100 млн. теӊге бөлінеді.Қаланыӊ магистральді көшелеріндегі 5 жер асты өтпелі жолдар жөнделеді.

Биыл бюдетті нақтылау барысында 43,2 мыӊ жаӊа жұмыс орнын құру қарастырылған.

Жалпы, Алматы әкімдігі қала тұрныдары мен қонақтары үшін жайлылық жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Биыл жол айрықтарын, құрылыс нысандарын, Универсиада обьектілерін, әлеуметтік нысандарды салу мен ашу шараларын оӊтайландыру, түрі құрылыс жұмыстарына МЖИ кеӊінен тарту, мемлекеттік сатып алу шараларын үнемдеу барысында түскен қаржы қала экономикасын арттыруға жұмсалды.

Қалада тұрғындар үшін барлық жағдайлар жасалуда,парктер мен скверлер абаттандырылуда, жаяу жүргінші және веложолдар жасалып, қоршаулар алынуда, қоғамдық кеӊістік кеӊеюде.

Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен "Астана" алаӊы қайта жасалып, бұларда жаяу жүргіншіге басымдық берілуде, аллеялар, жасыл ландшафтар, велосипед жолдары,балалардыӊ ойын алаӊдары, өтпелі жолдар жасалуда.

Жыл аяғына дейін қаладағы 500 аула жөнделеді, әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады.

146 км жол жөнделеді, 97 мыӊ шаршы метр тротуар абаттандырылады, ұзындығы 15 км жол және 57 көшедегі 42 км арық желісі қайта жасалады, 32 км жылу жүйесі жаӊғыртылады. 20 мыӊ үйге 380 км су құбыры мен кәріз желісі тартылуда, Фурманов, Абай көшелері үӊгіленіп, үш жол айрығыныӊ құрылысы мен жаӊа аудандадағы жолдар жасалуда.

Ауқымды көлік реформасы жүзеге асуда. "Онай" жол картасы жасалып, 1 млн. 300 мыӊ карта сатылды. 2016 жылы 137 жаӊа автобус сатып алынды. Биыл сатып алынған 60 жаӊа автобусқа қосымша жыл аяғына дейін тағы да 300 жаӊа автобус алынады. Автобустар мен троллейбустар үшін арнайы жолақтар 100 км. дейін жетеді. Ақылы көлік тұрағы 10 мыӊ орын болады. Метроныӊ екі бекетініӊ, BRT желісініӊ құрылыстары жалғасып, LRT енгізуге дайындықтар жүруде.Қалада Орбита ықшам ауданынан Көк базарға дейін велодәліз жасалады, велостанциялар саны 200 дейін барады, бұларда 1700 велосипед болады. Жыл аяғына дейін 102 өтпелі жолды түнде жарықпен қамтамасыз ету жүзеге асады.

Қалаға қосылған Наурызбай ауданында 188 км жолға асфальт төселеді, 64 пәтерлі тұрғын үй орталық жылумен қамтылады.МЖИ есебінен 2 мектеп, 3 емхана,33 бала бақша,17 спорт және балалар алаӊдары салынды. Жыл аяғына дейін 123 км су құбыры, 80 км кәріз желісі жүзеге асады, 2018 жылы 135 км электр желісі жарық беретін болады. Аудан 100 пайыз газбен қамтылған.

2015 жылғы сел зардаптарын жою үшін Қарғалы өзенініӊ арнасы қайта жасалды, жағалаулар мықты бекітілді,аудан тұрындары үшін жаӊа демалыс орындары ашылды.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сай Наурызбай ауданын кезеӊ бойынша дамыту барысында аудан әкімдігі мен ІІБ ғимараты іске қосылды. "Туғанжер" бағдарламасы бойынша шілде айыныӊ басында "Завод Электрокабель" ЖШС бөлген 1,2 млрд. теӊге қаржыға салынған 500 адам қатынайтын көпфункционалды емхана іске қосылды.1 қыркүйекте "Сәби" жеке қайырымдылық қоры бөлген 1,4 млрд. теӊгеге салынған 1200 орынды мектеп ашылады.

Тамыз айыныӊ соӊына дейін мемлекеттік табыстар басқармасыныӊ, сот, прокуратура, Қазпошта,банк, зейнетақы төлеу орталығы, тәулігіне мыӊ адамға қызмет көрсететін ХҚКО-ныӊ ғимараты пайдалануға беріледі."Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша 1,5 мыӊ пәтерлі 21 тұрғын үйдіӊ құрылысы басталады. Биылғы жылдыӊ қыркүйек айында 496 7 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны