13.03.2009, 17:27 4854

Алматыда қаланың символын қалпына келтіру мақсатында алма ағашының түрлерін отырғызу жұмыстары басталады

Алматыда қаланың символын қалпына келтіру мақсатында алма ағашының түрлерін отырғызу жұмыстары басталады

Алматы. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қаланың символын қалпына келтіру мақсатында алма ағашының түрлерін отырғызу жұмыстары басталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (ТРжТПР) Алматы қаласы әкімінің 2009 жылғы 23 ақпандағы №38 санды "2009 жылдың 14 наурызы - 30 сәуірі аралығында Алматы қаласын көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі маусымдық шаралар өткізу туралы" өкімі шеңберінде қаладағы жалпы пайдаланудағы жерлерге жаппай ағаш еге бастады.

Басқарма әсемдік ағаш түрлерін отырғызу жөнінде 2009 жылға іс-әрекет жоспарын әзірледі. Алматы қаласының символын қалпына келтіру мақсатында ТРжТПР басқармасы 2009 жылдың 14 наурызынан бастап алма сортының (түрі) көшеттерін отырғызуды бастайды. Барлығы - қалаға бейімделген 1000 түп алма ағашы түрлерін отырғызу жоспарланған. Алма ағаштары негізінен саябақ, бақ және басқа да жасыл аймақтар аумағында отырғызылмақ.

Бұл шаралар "Южный" саябағында (Жароков және Хожанов көшелерінің қиылысы) бастау алмақ, саябақ аумағында 150 түп алма ағашының көшеті отырғызылады. Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылының жасыл аймақтарына түрлі ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Мұндай көктемгі жаппай ағаш отырғызулар қаламыздың барлық ауданында ұйымдастырылуда.

Жыл басынан бері қала аумағында 1388 ағаш отырғызылған: оның ішінде 773 жапырақты, 615 қылқан жапырақты тұқымды ағаштар. Бұл ағаштар негізінен әл-Фараби даңғылының бойына, Фурманов көшесінің бойына және т.б. жерлерге егілді. Қаламыздың көшелерінде: еуропа шыршасы, қайыңның түрлері, канада үйеңкісі, шаған, жөке ағашы, талшын, емен және тағы басқа жасыл желек түрлері пайда болуда.

Жалпы 2009 жылы бюджет қаржысына 4977 көшет және алдын-ала жүргізілген есепке сәйкес өтемдік ағаш отырғызулар есебінен 7000 астам ағаш отырғызу жоспарлануда. Бұған қоса аудан әкімдіктерінің бастамасымен 5500 ағаш отырғызылмақ. 2009 жылы отырғызылатын көшеттердің барлық саны - 17 497 түп.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қала тұрғындарын жаппай ағаш егу науқанына қатысуға және егілген ағаштарды қорғауға шақырады. Жасыл желектерді жою немесе заңсыз кесу фактілері кездескен жағдайда ТРжТПРБ-ның мына телефондарына: 271-65-25; 272-54-89 хабарласуға болатынын еске салады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны