28.12.2006, 17:58 5505

Алматыда қаңтарда айлық орташа температура нормадан жоғары болады - Қазгидромет

АЛМАТЫ. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыда 2007-жылғы қаңтарда айлық орташа температура нормадан жоғары болады, осы айда ылғал көп түседі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі "Қазгидромет" РМК-ына сілтеме жасап хабарлайды.

"Айлық орташа температура 4,4 градус суықты көрсетеді. Бұл Цельсий өлшемімен нормадан бір градус жоғары",- деді агенттікке берген сұхбатында "Қазгидромет" РМК-ның күн райым бақылаушысы Светлана Аманқұлова.

Күн райын бақылаушылардың хабарлауынша, қаңтардың алғашқы онкүндігінде

сынап бағанасы түнде 6 - 11-ден 11 - 16-ға дейін суықты, ал күндіз 3 - 8-ден 8 - 13 градусқа дейін суықты көрсетеді. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде 3 - 8, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылыны көрсетеді.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 3 - 8-ден 12 - 17 градусқа дейін суық, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылыдан 5 - 10 градусқа дейін суық болады.

Светлана Аманқұлованың айтуынша, үшінші онкүндікте түнде 3-8 градус суық, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылы болады. Осыдан кейін сынап бағанасы түнде 13-18 градус аязды, ал күндіз 7-12 градусты көрсетеді.

Қаңтарда ылғал нормадан көп түседі. "Қар түріндегі ылғал айдың алғашқы жартысы мен айдың аяғында түседі",- деді С.Аманқұлова. Ай бойы қалаға жиі тұман түсетін болады. Ал қаңтардың бірінші онкүндігі мен үшінші онкүндігінің ортасында жолдарда көктайғақ болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны