24.05.2007, 17:54 2839

Алматыда "Караван" газетінің фототілшісі ұсталды

АЛМАТЫ. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда "Караван" газетінің фототілшісі Руслан Пряников ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Русланды қалалық прокуратураның ғимаратының суретін түсіріп жүргені үшін қадағалаушы мекеменің қызметкерлері 15 сағат 45 минут шамасында ұстаған.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен фототілші Бостандық аудандық ІІБ-іне жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны