08.06.2012, 15:37 3353

Алматыда кардиологияға инновациялық технологиялар енгізу мәселесі талқыланды

"Іс-шара кардиология саласына инновациялық медициналық технологияларды енгізу және кардиолог дәрігерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесетін болады", - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы. 8-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда кардиологияға инновациялық технологиялар енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады.

"Іс-шара кардиология саласына инновациялық медициналық технологияларды енгізу және кардиолог дәрігерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесетін болады", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылы іс-шара "Инновациялық технологиялар - тәжірибелік кардиологияға!" тақырыбында өтті. Іс-шарада диагностика қоюдың халықаралық стандарттары мен қан айналым жүйесінде сырқаты бар науқастарды емдеу жолдары таныстырылды.

Сонымен қатар, шетелдік және отандық ғалымдар іс-шараға қатысушыларды кардиология, кардиохирургия салаларында жүргізілген жеке зерттеулерінің нәтижесімен таныстырды. Сондай-ақ дәрі-дәрмек, диагностика қою және емдеу құралдары, заманауи ақпараттық технологиялар көрмесі өткен.

Конгресс барысында кардиология саласындағы профессорлар мен мамандар "Ақ жүрек" құрмет белгісімен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны