24.07.2015, 17:24 3744

Алматыда Қарғалы өзенініӊ сағасын тазалау мақсатында қалпына келтіру, тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда су тасқыныныӊ салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ІІМ-ніӊ Төтенше жағдайлар комитетініӊ баспасөз қызметі

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда су тасқыныныӊ салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ІІМ-ніӊ Төтенше жағдайлар комитетініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Хабарламадан мәлім болғанындай, Қарғалы өзенініӊ сағасын тазалау жұмыстары жалғасуда. Күні-түні қалыпна келтіру тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Апаттан-құтқару жұмыстары кезінде № 192 орта мектебініӊ жертөлесінен 40 текше метрден астам батпақ шығарылды. Қазіргі таӊда ІІМ бөлімшелері тарапынан апаттан-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендердіӊ үйлерін тазартуға ккөмек көрсетілуде, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ІІМ-ніӊ Төтенше жағдайлар комитетініӊ күшімен 25 аула маӊы тазартылып, 2 мүйізді ірі қара құтқаралды. Суға батқан бөліктерден 4 көлік шығарылды. Зардап шеккендерді қабылдауға арналған орандарда адамдарға ыстық тамақ ұйымдастырылған және оалрға медициналық психологиялық көмектер көрсетілуде. Зардап шеккендер және көшірілгендер үшін 55 меманханалардан орындар ұйымдастырылды.

Апатқа ұшырағандарға арналған медицина және жедел көмек орталығыныӊ 6 бригадасы кезекшіліктерін жалғастыруда, онда сондай-ақ дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеуде. Ұрлыққарлықтыӊ алдын алу мақсатында Наурызбай ауданында тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырды.

Айта кететін мәселе, апаттан-құтқару жұмыстарына барлығы 1 мыӊ 748 адам, 308 дана техника мен 3 тікұшақ тартылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны