09.06.2009, 18:18 2848

Алматыда қаржылық дағдарысқа қатысты құрылысы аяқталмай қалған жер телімдерінің айналасындағы қоршаулардың 60% алынды

Алматыда қаржылық дағдарысқа қатысты құрылысы аяқталмай қалған жер телімдерінің айналасындағы қоршаулардың 60% алынды

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қаржылық дағдарысқа қатысты құрылысы аяқталмай қалған жер телімдерінің айналасындағы қоршаулардың 60% алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыдағы тұрғын үй, кеңсе орталықтары мен қаржылық нысандар салу үшін компаниялар мен жекелеген адамдар сатып алып, қоршалған жерлердегі 49 нысанның сыртқы қоршаулары алынып тасталды. Бұл биыл алынып тасталатын қоршаулардың 60 % -ын құрайды. Қаржылық дағдарысқа қатысты бұл жерлердегі жұмыстар аяқсыз қалып, қоршалған аймақ қоқыс орталықтарына айналған.

Шевченко- Панфилов- Құрманғазы - Абылай хан даңғылы Сәтпаев- Байтұрсынов- Бұхар-Жырау- Марков, Аль-Фараби- Гагарин- Розыбакиев, Абай даңғылы - Сейфуллин, Құрманғазы- Фурманов- Сайын- Абай және басқа да көшелердегі қоршаулар алынды.

Болашақта тағы да ұзындығы 16 шақырым болатын 26 нысанның қоршауы алынып тасталады. Олардың саны Алмалы ауданында -7, Бостандық ауданында - 9, Жетісу ауданында -1 , Медеу ауданында - 9. Барлығы жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын 75 нысан құлатылды.

Бос жерлерге саябақтар мен гүлзарлар жасалып, демалыс орындары пайда болады.

Қоршалған нысандарды құлату жұмыстары қала әкімі Ахметжан Есімовтың тапсырмасына сәйкес жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны