01.12.2016, 11:41 3704

Алматыда "Қасиеттім - Желтоқсан!" атты концерт өтеді

Аталған концертте 1986 жылғы желтоқсанда алаӊда шырқалған әндермен қатар, желтоқсанды жырлаған шығармалар және де ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыдағы Қазақстан Жазушылар Одағыныӊ концерт залында 3 желтоқсан күні ел тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына және 1986 жылғы желтоқсанныӊ 30 жылдығына орай "Қасиеттім - Желтоқсан!" атты концерт биыл үшінші рет өткелі отыр, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Аталған концертте 1986 жылғы желтоқсанда алаӊда шырқалған әндермен қатар, желтоқсанды жырлаған шығармалар және де ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады.

Шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасыныӊ Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маӊызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясындағы тікелей қолдауымен "Жерұйық" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Концертте кезінде желтоқсан алаӊында шырқалған "Атамекен" әнінен бастап, оқиғадан кейінгі уақытта шыққан "Желтоқсан тағылымы", "Желтоқсан желі", "Бостандықтыӊ бойтұмары желтоқсан", "Қара бауыр қасқалдақ", "Желтоқсан маршы", "Желтоқсан жастары маршы" және "Қайсар қазақ" сынды желтоқсан тақырыбына арналған әндер мен қатар, ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады.

Концертке Қазақстанныӊ Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты, әнші Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет қайраткері Мұратбек Сарбасов, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, әнші Құрманбек Илімғазы, Есет Садуақасов, Азамат Бекбергенов, Илия Ибілқайыр, Артұр Ізтілеуов және "Аманат" тобы сынды т.б. өнер жұлдыздары қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны