15.04.2016, 19:16 4723

Алматыда кәсіпкерді ұрлаған қылмыскерлер сотталды

Алматы қаласыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерді ұрлағандарға үкім шықты. Қылмыскерлер қатаӊ режимді колонияда жазасын өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерді ұрлағандарға үкім шықты. Қылмыскерлер қатаӊ режимді колонияда жазасын өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"А.В. Ниязов пен И.Д. Тен ҚР ҚК 125-бабы, 2-тармағы, 1),8) тармақшалары, 194-бабы, 4-тармағы, 2) тармақшасында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін, сондай-ақ Тен қосымша 380-бабы, 1-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Қос сотталушы да мүлкі тәркіленуімен 11 жылға сотталды. Енді олар жазасын қатаӊ режимді түзеу колониясында өтейді",- деп мәлім етті Алматы ІІД басшысыныӊ орынбасары полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріӊізге салып өтсек, былтыр тамыз айында полицейлердіӊ назарына жол ережесін өрескел бұзған "Тойота Камри" көлігі ілігеді. Алматы ІІД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жеӊіл көлік Желтоқсан көшесімен оӊтүстікке қарай бағыт алған, алайда аталған учаскеде біржақты қозғалыс тек солтүстік бағытта қарастырылған. Тәртіп сақшыларыныӊ "тоқта" деген талабын жүргізуші елемеген. Ийтсе де көліктіӊ ізіне түскен полиция қызметкерлері "Тойотаны" Пушкин көшесінде тоқтатты.

Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан соққыға жығылған кәсіпкер табылды. Белгілі болғандай, ұрылар кәсіпкердіӊ туысқандарынан 1 млн доллар талап еткен. Кейінірек қылмыстық топтыӊ өзге мүшелерін криминалды полиция қызметкерлері қолға түсірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны