27.09.2012, 14:56 3703

Алматыда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады

"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Шағын және орта бизнес өкілдерінің құзыреттілігін жоғарылату бойынша бағдарлама дайындады. Бұл жөнінде "Даму" қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Шағын және орта бизнес өкілдерінің құзыреттілігін жоғарылату бойынша бағдарлама дайындады. Бұл жөнінде "Даму" қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

"2012 жылдың 1 қазанында Алматы қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тұңғыш рет өз есігін айқара ашады. КҚКО-лар "Даму" қорының барлық аймақтық филиалдарында жұмыс істейді және "Даму" қорының жанынан құрылған Кәсіпкерлікті қолдау орталығын, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың өзге де институттарының басын біріктіреді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында сервистік қолдаудың мына түрлері ақысыз негізде (мемлекет есебінен) көрсетіледі:

- Ақпараттық-консалтингтік қолдау: "бір терезе" режимінде ақпараттық және консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтердің жиынтығын ұсыну:

- Оқу-әдістемелік қамсыздандыру: барлық саладағы бизнесмендерді және стартапшыларды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту;

- Жобаларды сүйемелдеу: инвестициялық және бизнес-жобаларды дайындау және сүйемелдеу, олардың тиімділігінің сараптамасы және бағалау.

- Қаржылық қызмет көрсетулер: кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың шараларын, сондай-ақ "Даму" қорының қаржы құралдары жөнінде түсіндіру, қаржы институттарының кредиттік өнімдерін таңдауда көмектесу.

- Арнайы қызмет көрсетулер: бірлескен (корпоративтік) басқару, бизнес үдерісінің тиімділігін арттыру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны