01.08.2018, 10:21 3757

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 2 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады

Алматыда биылғы жылы құны 65,3 млрд. теӊге болатын 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соныӊ арқасында 2 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады. Бұл туралы кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша өткен кеӊесте айтылды.

Алматы. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда биылғы жылы құны 65,3 млрд. теӊге болатын 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соныӊ арқасында 2 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады. Бұл туралы кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша өткен кеӊесте айтылды.

Барлығы 21 жобаныӊ аясында құны 721 млн.теӊге болатын 3 өндіріс орны іске қосылып, 45 жұмыс орны пайда болды. Тағы 18 жоба орындалу үстінде , бұлардыӊ жалпы құны 64,6 млрд.теӊге, ашылатын жаӊа жұмыс орны 2 мыӊға жуық.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Карта жобалаушыларына жүйелі және нақты қолдау көрсетуде. Мысалы, "Алматыметроқұрылыс" АҚ "Салават БС" ЖШС жергілікті компаниясыныӊ өнімін сатып алды, ал "Цин-Каз" ЖШС сумен жабдықтау және канализация бойынша көмек көрсетілді. Жаӊа оқу жылыныӊ қарсаӊында Алматы әкімдігі жеӊіл өнеркәсіп салалары шығарған өнімдердіӊ жәрмеӊкесін ұйымдастырды.

Алматы қаласыныӊ Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Бақытжан Наурызбеков қала әкімдігініӊ бәсекеге қабілетті жергілікті бизнеске қолдау көрсетуге дайын екендігін, сол арқылы қаланы абаттандыруға отандық тауарлардыӊ көптеп енуіне ықпал ететінін айтты.

"Аудан әкімдіктері аула алаӊдарын қайта жасауға жергілікті өндіріс орындарыныӊ сыртқы жарық лампалары, лак бояулары сияқты өнімдерін, орындықтарды, асфальтбетон қосындыларын, кабель өнімдерін және басқаларын сатып алуда. Мысалы, Иуезов және Түрксіб аудандарында алматылық иодты жарық көздері орнатылды", - деп атап өтті Б. Наурызбеков.

Бұлардан өзге, кәсіпкерлік басқармасы Карта жобаларына қолдау көрсету мақсатында бірқатар B2B кездесулерін өткізді, оныӊ барысында кәсіби басқармалар мен ұйымдар арасында коммерциялық ұсыныстар айтылды. Кездесулер қорытындысы бойынша ағымдағы заӊ аясында Алматы қаласыныӊ нысандарын салу мен қайта жасауға алматылық тауар өндірушілер тартылатын болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны