07.12.2017, 21:40 6916

Алматыда "Қазақ деректі киносы күндерініӊ" жабылу салтанаты өтті

2017 жылдыӊ қазан және желтоқсан айлары аралығында Алматыдағы ҚР Тұӊғыш Президенті-Елбасы қорында өткен "Қазақ деректі киносы күндері" аясында 10 деректі фильмніӊ тұсауы кесілді.

Алматы. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда "Қазақ деректі киносы күндерініӊ" жабылу салтанаты өтті. 2017 жылдыӊ қазан және желтоқсан айлары аралығында Алматыдағы ҚР Тұӊғыш Президенті-Елбасы қорында өткен "Қазақ деректі киносы күндері" аясында 10 деректі фильмніӊ тұсауы кесілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры қолдауымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ұйытқы болған "Қазақ деректі киносыныӊ күндері" жабылу салтанатында "Отан неден басталады" ("С чего начинается родина") атты деректі фильмі көрсетілді. Фильмніӊ авторы - жас кинодраматург Еркебұлан Бектұров.

Мәдени іс-шараға Қазақстанныӊ белгілі киногерлері режиссер Сатыбалды Нарымбетов, кинодраматург Нұрлан Санжар, деректі киносүйер қауым және "Отан неден басталады" фильмініӊ түсіру тобы қатысты. Аталмыш деректі фильм аз уақыт ішінде құлдырауды еӊсеріп, Қазақстанныӊ табысты ауылшаруашылық кәсіпорынына айналған Ақмола облысындағы Родина атты ауылы және сол жетістікке қол жеткізген Иван Сауэр туралы баяндайды.

- Родина ауылыныӊ феноменіне қатысты көршілес ауыл тұрғындары мен тіпті астаналықтар олардыӊ жетістіктерін қызғанатындарын байқадық. Осы ауыл туралы түрлі жағымсыз пікірлер айтып, жүргендеріне қарағанда, олар Иван Сауэрдыӊ 30 жылда жүріп өткен қиын жолы туралы мүлдем бейхабар екенін түсіндік. Өкінішке қарай, уақыттыӊ тығыздығына байланысты авторлық ойларымды толығымен іске асыра алмадым. Алайда, осы фильм арқылы мен режиссер-документалист ретінде бар қарымымды көрсете алдым деп ойлаймын. Фильм арқылы түсінгенім, Иван Сауэр сияқты 10 шақты адам болса, Қазақстанныӊ ауылшаруашылық өндірісін аяққа тұрғызуға болатынына көз жеткіздім. Мен фильмніӊ кейіпкері туралы оныӊ сөздерімен, оныӊ жер-ана туралы ойлары арқылы көрсеткім келді, - деді фильмніӊ режиссері Еркебұлан Бектұров.

"Қазақ деректі киносы күндері" аясында "Қазақфильм" киностудиясы негізінде биыл түсірілген фильмдердіӊ көрсетілімі өтті. Фильмдері көрсетілген авторлар арасында еліміздіӊ танымал документалист-режиссерлері мен қатар жас кинематографистер де бар. Фильмдерді тамашалауға 3 мыӊға жуық көрермен келген.

Алексей Каменскийдіӊ режиссерлігімен қазақтыӊ тұӊғыш театр режиссері туралы - "Қазақ ренессансы. Жұмат Шанин" фильмі (бұл картина "Қазақфильм" АҚ президенті Бақыт Қайырбековтыӊ айтуы бойынша "Қазақ ренессансы" атты циклдіӊ бастамасы және киностудия өткен дәуірдіӊ өнері мен мәдениет адамдарына арналған циклді деректі фильмдерді түсіруді жоспарлауда). Исия Байғожинаныӊ "Сенім жолында" атты фильмі діни тәрбие мен дәстүрлі емес ислам ағымдарыныӊ жастарға әсері туралы айтады. Фотограф-натуралист Олег Белялов түсірген "Алтынемел" картинасы Қазақстанныӊ ерекше қорығыныӊ бай табиғатын көрсетеді. "13 километр" - Владимир Тюлькин түсірген бүгінгі күнніӊ батыры - Шығыс Қазақстан облысында тұратын зағип фермер туралы. Режиссер және драматург Ғазиз Насыров пен хореограф Арвара Садықова бірлесіп жасаған "Қазақ биі" фильмі, қазақ би өнерініӊ энциклопедиясы іспетті. Жас кинематографистер "Қазақ деректі киносы күндерінде" "Түстер үйлесімі" (Евгений Лумпов), "Наири" (Қайша Рахымов), "Сүйемін, өйткені" (К.Бердімұратова мен К.Ибділдинова) атты қысқаметрлі деректі фильмдерін ұсынды. Сондай-ақ, "Үлкен мемлекет - үлкен отбасы" циклі (өз істерінде жетістікке жеткен отандастырымыз туралы) шеӊберінде "Жігіттер оны әке дейді" (Айнұр Ахметжанова) және "Отан неден басталады" (Еркебұлан Бектұров) фильмдерін көрсетті.

-Деректі кино - біздіӊ өткеніміз бен бүгінімізді көрсететін таптырмас құрал. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм"АҚ түсіретін барлық фильм президент Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ ұсынуымен іске асқан мемлекеттік бағдарламаларды қамтиды. Олар: "Рухани жаӊғыру", "Үлкен мемлекет - үлкен отбасы", "Мәӊгілік Ел". Бұл бірлесе өткізген мәдени іс-шарамыз - Алматы қаласыныӊ мәдени өмірінде елеулі оқиға болды деп сенеміз, - деді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Бақыт Қайырбеков.

Іс-шара соӊында "Қазақфильмніӊ" президенті Бақыт Қайырбеков ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорына және Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

"Отан неден басталады" фильмі туралы: фильмде 30 жылдыӊ ішінде кедейлік пен құлдырауды еӊсеріп, қазіргі таӊда өзініӊ құрылысы мен тиімді менеджмент жағынан елдегі барлық ауылдарға үлгі болып отырған Родина ауылыныӊ феномені зерттеледі. Авторлар осы жетістікке қол жеткізуге мұрындық болған адамныӊ, яғни, ешқайда көшіп кетпей, осы ауылды көтерген неміс Сауэр Иван Адамовичтіӊ портреті арқылы көрсетеді.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Қоюшы режиссері әрі сценарий авторы: Еркебұлан Бектұров

Қоюшы операторы: Антон Касьяненко

Хронометражы: 42 минут

Режиссер туралы анықтама: Еркебұлан Бектұров. Режиссер, сценарист. "Отан неден басталады" толықметрлі деректі фильмініӊ қоюшы-режиссері (Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, 2017); "Батыр" толықметрлі көркем фильмініӊ сценарий авторы ("Elephant prod." 2018); "Жетім" толықметрлі көркем фильмініӊ сценарий авторыныӊ бірі ("Cinema 28"); "Семь нот моего детства" толықметрлі көркем фильмініӊ сценарий авторы және қоюшы-режиссері ("Four Keys Studio"2014); "Ғашық жүрек" (реж. Асқар Ұзабаев) сценарий авторларыныӊ бірі ("Shine Production" "567 Creative Laboratory" бірлесе 2012); "Степная звезда"/ прокаттық атауы "Ана жүрегі" (реж. Ержан Рүстембеков) - сценарий авторы ("MG-Production" студиясы, "Қазақстан-1" телеарнасыныӊ тапсырысы бойынша)

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны