27.08.2009, 16:22 3092

Алматыда Қазақ қыздар педагогикалық институтының Студенттер үйі ашылды

Алматыда Қазақ қыздар педагогикалық институтының Студенттер үйі ашылды

Алматы. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақ қыздар педагогикалық институтының Студенттер үйі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев қатысты.

Студенттер үйі 450 орынды, барлық талапқа сай жасалған, іші керемет, студент қыздарға қажетті заттардың барлығы бар. Бөлмелер секцияларға бөлінген, олар 2-3 орынды. Секцияларда душтар мен тазалық тораптары бар. Ир бөлменің балкондары әйнектелген, тұрмыстық бөлмелер де жетерлік. Екі оқу залы интернетке қосылған, екі кино залы жұмыс істейді. Бірінші қабатта сұлулық салоны бар. Қосалқы бөлмелер мен спорттық жаттығулар залының да есігі айқара ашық. Ауыр қозғалатын жандар үшін пандустар да жасалған. Жолаушылар тоқсатысы жұмыс істейді, өрт дабылы жүйесі бар.

Қала әкімі жоғары оқу орнының ұжымы мен студенттерді жаңа шаңырақтарымен құттықтады. Икім сырттан келіп оқитын студенттер үшін бұл тамаша үйдің маңызы ерекше екендігін атап өтті.

Ахметжан Есімовтың айтуы бойынша Алматыда 48 жоғары және 69 орта білім беретін оқу орындары бар. Жатақханаларда 29 000 студент өмір сүріп, оқуда.

"Бүгін Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі студенттер үшін жатақханалар санын көбейтуді көздеп отыр. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасайтын боламыз. Мен сіздерге терең білім алып, еліміздің елеулі азаматтары болуларыңа тілектеспін",- деді елеулі оқиғамен студенттерді құттықтаған қала әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны