13.10.2016, 21:05 5276

Алматыда қазақ музыкасы мен мәдениетініӊ жаӊа форматтағы фестивалі өтті

Бұл оқиға тарихқа, ұлт мұрасына және музыка, дизайн, сән және заманауи өнер секілді креативтік салалардағы тыӊ форматтарға арналған.

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда 13 қазанда алғаш рет қазақ музыкасы мен мәдениетініӊ ELGE ORALU атты жаӊа форматтағы фестивалі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Бұл оқиға, оны ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, тарихқа, ұлт мұрасына және музыка, дизайн, сән және заманауи өнер секілді креативтік салалардағы тыӊ форматтарға арналған. Іс-шараныӊ басты мақсаты - қазақ мәдениетініӊ танымалдығын арттыра түсу, отандық креативтік индустрияныӊ сәттілікке қол жеткізген өкілдерініӊ іс-қызметін үлгі ете отырып, оныӊ қазіргі заманғы кескін-келбетін жұртшылыққа паш ету, сондай-ақ, тарихи мұраныӊ жаһандық мәдени үдеріспен ара байланысын ашып көрсетуге саяды.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясыныӊ профессоры, өнертану ғылымыныӊ кандидаты Сауле Өтеғалиева былай дейді:
"Қазақ музыкасы батыс музыкасынан өз құрылымымен өзгеше, өйткені онда батыс музыкасындағыдай жеті нота емес, бес нота бар және ол өзініӊ ішкі дүниесімен де бөлек, ол музыкалық сауатымыздыӊ бар немесе жоқтығына қарамастан, біздіӊ жанымызды генетикалық деӊгейде тебіренте алады. ELGE ORALU секілді фестивальдер өткізу қазақтыӊ халықтық музыкалық мәдениеті мен қазіргі заманғы эстрадалық, танымал музыка арасындағы сабақтастықты сақтауға, сондай-ақ, өскелеӊ ұрпақтыӊ бойына өзініӊ ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілікті дарытуға, оларды халықтық мәдени мұраға қызығушылық танытып зерделеуге, өздерініӊ түп-тамырын тани білуге баулуға септігін тигізеді".

Фестиваль шеӊберінде музыка және жаӊа заман өнері, сән және дизайн, фотосурет және кино, театр, би және балет, сондай-ақ, қолданбалы өнер және қолөнер секілді салалардыӊ өкілдері бір-бірімен танысып өзара тәжірибе алмаса алатын, басты трендтер мен ағымдарды талқылай алатын, бұдан былайғы өзара ынтымақтастық үшін шығармашылық байланыстар орната алатын алаӊдар құрылды.

Шымкент қалалық облыстық опера және балет театрыныӊ көркемдік жетекшісі Ерлан Жандарбайдыӊ пікірі мынадай:

"Мен Италияныӊ Пезаро қаласында оқып, әйгілі баритон Марио Меланидан тәлім алдым, сол себепті ELGE ORALU фестивалініӊ түпкі мәні мен үшін аса маӊызды. Біз өз Отанымызға оралудамыз және шетелдерден жинақтаған біліміміз бен тәжірибемізді елімізде қолданып отырмыз. Опера дегеніміз - микс, қазақшалап атсақ, қоспа деген сөз, онда музыка бимен, драматургиямен аралас және оныӊ рэппен коллаборациясын жасау - мен үшін жеке шығармашылығымдағы тыӊ құбылыс болмақ. Оныӊ нәтижесінде мүлдем әдеттен тыс, үйреншіктімен мүлдем қабыспайтын мәдениеттердіӊ миксі туады деген пікірдемін".

ELGE ORALU фестивалініӊ қонақтарына мысалы, қазақтыӊ халықтық және академиялық музыкасын операмен, рэппен, хип-хоппен, джазбен, клубтық микспен, лаунжмен, кеӊестік кезеӊдегі ретро эстрадамен және басқа да музыканыӊ танымал форматтарымен, жаӊа заман өнерін сәнмен, нысандық дизайнмен, театрмен, кино және фотосуретпен, перфоманс, флеш-моб түріндегі бимен, түрлі шығармашылық адамдардыӊ арасындағы интерактивтік шоу-коллаборациямен ұштасқан ынтымақтастық пен коллаборацияныӊ үйреншікті деуге келмейтін, әдеттегіден тыс өзгеше түрлері таныстырылды.

LES GARC DU COIN француз рэппері:
"ELGE ORALU фестиваліне қатысу - біз үшін бірегей мүмкіндік. Біздіӊ пайымдауымызша, музыка - адамдармен өзгеше қуатпен қанаттандыратын, өз мәдениетіӊніӊ бір бөлшегімен алмаса алатын әмбебап құрал. Францияда басқа елдердіӊ дәстүрлі аспаптарда ойнайтын музыканттарымен бірлескен жобалар жасау мүмкіндігіміз жоқ, сол себепті фестивальға қатысу бізге тыӊ мәдени байланыстармен баюға және баға жетпес тәжірибе жинақтауға, бөлекше музыкалық прецедент тудыруға мүмкіндік береді. Хип-хоп - жаӊаша әмбебап музыка, оны түрлі музыкалық жанрлармен сабақтастыруға болады. Біз ELGE ORALU фестиваліне ризашылығымызды білдіреміз, себебі, ол бізге музыкалық дүниетанымымызды кеӊейтуге, Қазақстандық музыканттармен ынтымақтастық орнатуға және өз шығармашылығымызға осы елдіӊ дәстүрлі музыкалық аспаптарын енгізуге мүмкіндік тудырады".

Фестиваль қатысушылары, өз ісініӊ шеберлері мен БАҚ өкілдері шеберлік сабақтарына, дәрістер мен пікірталастарға қатыса алды. Фестиваль қазақстандық және шетелдік кретивтік индустрия өкілдері арасындағы табысты ынтымақтастық үлгілерініӊ тұсаукесер алаӊы және интерактивтік көрме алаӊына айнала алады. Сонымен қатар іс-шара қонақтары қазақстандық және шетелдік дизайнерлер және сән идустриясыныӊ, дизайн және интерьерлік бұйымдардыӊ брендтері қатысқан уақытша концепт-маркетті аралады.

Идея авторы, фестивальдіӊ кураторы әрі арт директоры Аяжан Жақсыбай бізге берген сұхбатында былай деп ой түйеді:
"Мен көп жыл бойы шетелдерде тұрып, оқу оқып, жұмыс тәжірибесін жинақтадым. Бірақ осыдан 10 жыл бұрын елге оралғаннан кейін халықтыӊ ауқымды рухани байлығымен, ата-бабаларымыздан қалған ұлығаусар мұрамен қайта қауышу меніӊ жанымныӊ шығармашылық қырын ашып берді деуге болады. Жас кезімде мұны бағалай алмасам, енді өз тағдырымды халықпен, жүректе жарық сәуле жағатын шығармашылықпен ұштастырып, өзіндік ізімді қалдыруға бел байладым. Туған жеріммен, өз тіліммен, мәдениетіммен қайта табысу меніӊ өмірімдегі жаӊаша кезеӊді бастап берді. Өзім білетін 8 тілдіӊ арқасында дүниеніӊ қай бұрышында болмасын тұра алсам да, елімдегі ауылдардыӊ жұпыны жағдайы меніӊ жаныма байыз таптырмайды. Сол себепті мен шығармашылыққа, сән өнеріне, кино мен журналистикаға, халықтық музыкаға ден қойдым. Бүгін Француз рэпі қазақтыӊ халық әнімен және операсымен RAPSODY форматында ұштасады, бұл әлемдік премьера деуге болады, бұған дейін оны ешкім жасамаған. Бұдан бұрын, айталық, американдық рэпті француздық және итальяндық операмен біріктіру оқиғалары болған. Бірақ француз рэпін қазақтыӊ халық әнімен және операсымен ұштастыруға ешкім әрекеттенген жоқ. Жалпы мұндай дәстүрлі музыканы басқа туындылармен үндестіру дүниежүзінде осыдан оншақты жыл бұрын басталған тренд. Біз "Маӊмаӊгер", "Бұлбұл" секілді халық әндерін, "Қыз Жібек" операсыныӊ "Гәкку" ариясын, "Қамар Сұлу" операсыныӊ Қамар ариясын, "Абай" операсыныӊ "Айттым сәлем қаламқас" ариясын француздыӊ LES GARC DU COIN рэпімен біріктірдік.Сондай-ақ, біз этно джаз және клубтық микс пен лаунж музыкасын қазақ халық әндерініӊ элементтерімен және кеӊестік кезеӊдегі танымал ретро музыкамен ұштастырамыз. Фестивальға қатысушылар тіпті репетиция барысында-ақ бұл үдерістен үлкен ләззат алып, шексіз шаттыққа бөленді".

Осы орайда жоба авторы жайлы біраз деректерді келтіре кеткен жөн.

Ол оӊтүстіктіӊ тумасы, Тараз физика-математика мектебін медальмен бітірген. Бұдан кейін Мәскеу Мемлекеттік университетініӊ экономика факультетін, АҚШ-тыӊ Duke University бірінші эшелондағы Бизнес мектебін тұӊғыш қазақстандық болып тәмамдаған. Университет оныӊ құрметіне өз аллеясында қазақ туын тіккенін айта кетейік.
АҚШ-тыӊ АT&T компаниясыныӊ Ресеймен бірлескен кәсіпорнында Нижний Новгород қалалық ұялы байланыс компаниясыныӊ қаржы директоры қызметін экспат ретінде АҚШ атынан атқарған.
Кейін ҚазМұнайГаз жүйесіндегі ҚазМұнайГаз БарлауӨндіру компаниясында 4 жыл еӊбек еткен, Қашаған жобасы бойынша бас кеӊесші, Қазақстан тарихындағы бірінші корпоративтік хатшы ретінде тікелей ҚазМұнайГаз президентіне бағынған, компанияныӊ IPO жобасына, яғни, Лондон қор биржасына шығаруға жауапты болған. Бұдан кейін АҚШ-тыӊ таӊдаулы кино мектептерініӊ біріне киноөндірісі мамандығы бойынша магистрлық бағдарламасында сценарий ісі, режиссура және телевидение саласы бойынша маманданған.

2010 жылы кино саласына, 2013 жылы сән өнері саласына ден қойып, Aika Alemi атты қазақтыӊ сән үлгісі брендін дүниеге әкеліп, бірден шетелдерге шыққан. Сөйтіп бизнес мектепте сызықтық алгебра, математикалық талдау мен ықтималдық теориясын зерделеген қазақ қызы қазір өзініӊ сән үлгісі жинағын Париж, Лондон, Цюрих, Хошимин, Мәскеу, Тбилиси мен Киевке шығаруда.

Қазақ тілін отанына оралғаннан кейін үйрене бастаған қазақтыӊ дарынды әрі намысқой қызы ағылшын, испан, француз, итальян, неміс, поляк тілдерін жетік біледі. Бірақ мұнымен шектеліп қалмай, қазір қытай тілін оқып жатыр, ендігі меже - араб, парсы, грек, латын тілдерін игеру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны