15.09.2017, 11:43 4322

Алматыда қазақ тілін латын әрпіне көшіру талқыланды

Алматыда "Отандық туризмді дамытудағы музейлердіӊ рөлі" атты Республикалық форум барысында қазақ тілін латын әрпіне көшіру талқыланды.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Отандық туризмді дамытудағы музейлердіӊ рөлі" атты Республикалық форум барысында қазақ тілін латын әрпіне көшіру талқыланды. Алматы қаласы Мәдениет басқармасыныӊ басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы өзініӊ құттықтау сөзінде латын әрпіне көшу жөніндегі шешімніӊ бірқатар елдердіӊ тәжірибесіне сүйеніп қабылданғанын айтты.

"Рухани жаӊғырудыӊ маӊызды қадамы - латын әрпіне көшу. Бұл қадам жан- жақты талқыланды және көршілес елдердіӊ тәжірибесі басты назарға алынды. Латын әліпбиі еӊ алдымен Тәуелсіздігімізді нығайтады, заманауи озық технологияны енгізуді жеделдетеді, қазақ тілініӊ бәсекелестігін қалыптастырып, тарихи санамызды жаӊғыртады", - деді Ғалымжан Өтелбайұлы.

Ол Мемлекет басшысыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасында киелі орындарға ерекше мән берлігендігін, мұнда Қазақстан халқыныӊ ағартушылық, тарихи және мәдени мұрасын көздіӊ қарашығындай сақтап отырған музейлердіӊ айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" картасы жасалып, оныӊ құрамына Алматыныӊ 5 нысаны енді. Олар- "Боралдай сақ қорғаны" археологиялық паркі,Тәуелсіздік таӊы","Тәуелсіздік" монументтері, Свято-Вознесенск кафедралды соборы, Райымбек батыр кесенесі және Ахмет Байтұрсыновтыӊ музей- үйі.

Айта кетерлігі, "Ғылым Ордасы" ғимаратында екі күн бойы өзекті мәселені танымал тарихшы - ғалымдар, археологтар, өнер танушылар, республиканыӊ жетекші музейлері мен компанияларыныӊ қызметкерлері талқылайтын болады. Форум барысында отандық туризмді дамытуда музейлердіӊ атқаратын рөлі кеӊінен сөз болады.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, заманауи музейлер көне артефакторды сақтаушы ғана емес, сонымен қатар туризм саласында көптеген функцияларды атқаратын тұғырнама болып табылады. Бұлардан өзге, форум аясында туризм мен музейлердіӊ ынтымақтастығы барысында туризм саласыныӊ тіимділігін арттыратын инновациялық шешімдер ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны