05.07.2017, 19:44 4653

Алматыда қазақша дубляждаған "Өрмекші адам.Қайта оралу" фильмініӊ көрсетілімі болды

Естеріӊізге сала кетейік, ана тілін насихаттау және 2011-2020 жылдары тілдерді дамытудыӊ Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыуға ықпал ету үшін "Болашақ" қоры "Меломан" компаниясымен бірге голливудттық фильмдерді қазақ тілінде дубляждау жобасын қолға алған еді. Фильмдерді дубляждау коммерциялық емес, әлеуметтік жоба болып табылады.

Алматы. 5 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда болашақтықтар қазақша дубляждаған голливудтық 21-ші фильмніӊ, бұл жолы "Өрмекші адам.Қайта оралу" ("Человек паук: Возвращение домой") фильмініӊ көрсетілімі болды. Қазақ дубляжыныӊ режиссері және фильм мәтінін реттеуші Шах-Мұрат Ордабаев. Бас кейіпкерлердіӊ дауыстарын актерлер Заӊғар Ибенов, Асылбек Қапаев, Сая Тоқманғалиева, Нүркен Өтеулов, Айнұр Бермұхамбетова және басқалары дыбыстаған,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ұйымдастырушылар көрсетілім алдында бәрініӊ қалай басталғанын және Disney студиясында қазақ тілініӊ 39 ресми тілдердіӊ біріне айналғанын айтты.

"Дауыс іріктеу барынша қатал жүрді, біз дауыстарды ықшамдап жазып алып, олардыӊ барлығын Disney студиясына жіберіп отырдық, қай актерді қандай рөлге бекіту керектігін олар өздері шешті. Ирбір кейіпкер даусы ерекше сүзгіден өтті. Walt Disney 32 үміткердіӊ ішінен "Көлік-2" фильміндегі Мэтрдіӊ қазақ дубляжын үздік деген кезде қазақ дубляжыныӊ жүлдегер екені анықталды", - деді дубляж актері Азамат Қанапия.

Sony Pictures 7 тілдіӊ бірі- қазақ тілі, сөйтіп ана тіліміз әлем бойынша DVD, Blu-Ray арқылы көретін голливудтық фильмдердіӊ негізгі 7-ші тіліне айналды. Қазақша дубляждалған фильмдердіӊ барлығын республикалық телеарналардан, ITunes пен Air Astana компаниясы самолеттері борттарынан көруге болады. Бүгінгі күні екі отандық компания Walt Disney компанияларыныӊ фильмдерін дубляждау туралы лицензияны алды, ал 150 шығармашылық және техникалық мамандар студияларда дубляждау бойынша арнайы дәрістен өтті.

Атап өтерлік жайт, ел Президенті Н. Назарбаев 2011 жылы бұл жобаға жоғары бағасын берді, сонымен қатар Қазақстан кинематографистерініӊ "Қазақстан киноөнеріне қосқан үлесі үшін" сыйлығын иеленді. Болашақтықтар қазақша дубляждаған фильмдер қазақстанныӊ ұлттық өніміне айналды және "ҚР Назарбаевтыӊ зияткерлік мектебі" АҚ кітапханаларына оқу ресурсы ретінде ұсынылды. Жоғары сапалы дубляждыӊ арқасында қазақ тіліндегі шетел фильмдерініӊ қоры қалыптасып, балалар үздік әлемдік фильмдерді ана тілінде көре бастады.

Осы орайда еске сала кетейік, 15 маусымдаи Алматыда "Көліктер-3" ("Тачки-3") мультипликациялық фильмініӊ қазақ тілінде дубляждалған көрсетілімі болды. Бұл - президенттік "Болашақ" бағдарламасы стипендианттары қорыныӊ 6 жыл ішінде қазақ тілінде сөйлеткен жиырмасыншы мультипликациялық фильмі.

Алматы әкімдігініӊ ақпаратына сәйкес, сонау 2011 жылы "Көліктер - 2" фильмін ана тілінде сөйлету арқылы голливудтық фильмдер қазақша дубляждала бастады.

Естеріӊізге сала кетейік, ана тілін насихаттау және 2011-2020 жылдары тілдерді дамытудыӊ Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыуға ықпал ету үшін "Болашақ" қоры "Меломан" компаниясымен бірге голливудттық фильмдерді қазақ тілінде дубляждау жобасын қолға алған еді. Фильмдерді дубляждау коммерциялық емес, әлеуметтік жоба болып табылады.

Мемлекет басшысыныӊ 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында атап көрсетілгендей, "ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаӊғыру болмайды".

Осындай мәдени элементтердіӊ бірі қазақ тілі екеніне дау жоқ. Өз мақаласында мемлекет басшысы әлемдегі еӊ озық 100 оқулықты қазақ тіліне аударуды тапсырды.

"Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімніӊ барлық бағыттары бойынша әлемдегі еӊ жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таӊдаулы үлгілердіӊ негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. Біздіӊ әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімніӊ аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Илемніӊ үздік 100 оқулығыныӊ қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, еӊ заманауи, таӊдаулы үлгілерді алып, олардыӊ қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек",- деген болатын ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны