29.04.2018, 20:39 10101

Алматыда Қазақстан халқыныӊ Бірлігі күніне орай мазмұнды мерекелік бағдарлама дайындалды

Қазақстан халқыныӊ Бірлігі күні қаланыӊ бірқатар алаӊдарында бірмезетте мерекеленеді. Мерекелік серуен Республика Сарайы алдындағы алаӊмен шектелмейді. Алғаш рет мерекелік шара қайта жаӊарған Панфилов көшесініӊ бойында да өтеді, мұнда таӊнан кешке дейін мегаполистіӊ этномәдени бірлестіктерініӊ ұжымдары концерт қояды

Алматы. 29 сәуір. KazakhstanToday - Қазақстан халқыныӊ Бірлігі күні қаланыӊ бірқатар алаӊдарында бірмезетте мерекеленеді. Мерекелік серуен Республика Сарайы алдындағы алаӊмен шектелмейді. Алғаш рет мерекелік шара қайта жаӊарған Панфилов көшесініӊ бойында да өтеді, мұнда таӊнан кешке дейін мегаполистіӊ этномәдени бірлестіктерініӊ ұжымдары концерт қояды, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Абай алаӊында таӊғы сағат 10:00-де этномәдени бірлестіктердіӊ көрмесі ашылады, оған ұлттық тұрмыстық заттар, музыка аспаптары қойылған, ұлттық костюм көріністері және басқалары ұсынылады.

Сағат 11:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен музыкалық бағдарлама басталады. Сахнада күні бойына 500-ден астам әртіс өнер көрсетеді, соныӊ ішінде Роза Рымбаева, Диана Шарапова, Или Оқапов, Роман Ким, Luina, Янис Кайсиди, Адылжан Умаров, "Сарын" дуэті, "Дервиши", "МұзАрт", "Assyl", "Vox Acapella" топтары, "Vivat", "Rise", "Ivory" шоу- балеттерініӊ өкілдері және көптеген басқалары.

Ұйымдастырушылар ерекше динамикалық аранжировка мен хореография көктемгі мерекелік көӊілді көтере түседі дейді.

"Алмакезек ауысқан ұлттық композициялар мен билер қазақстандық авторлардыӊ заманауи әндеріне ұласып, халық бірлігініӊ өзіндік нышанына айналады", - деді Алматы қаласыныӊ Мәдениет басқармасы.

Сағат 19:30-да Айқын Төлепберген "15 жыл, сіздермен бірге" атты өзініӊ жеке концертін ұсынады, ал 21:30- да сахнаға "Ин мерекесі" бағдарламасымен "Турецкий хорыныӊ" әртістері шығады. Мереке құрметіне ұжыммен бірге әйелдердіӊ "SOPRANO Турецкого" арттобы ән шырқайды, осылайша талант пен сұлулық үйлесім табады.

Өз кезегінде, Панфилов көшесінде күні бойына концерттер мен көрмелер өтеді, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистіӊ этномәдени бірлестіктерініӊ өзіндік мәдениетімен және дәстүрлерімен танысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны