02.02.2015, 18:59 4010

Алматыда Қазақстан киносыныӊ марафоны басталады

Алматыда 4 ақпанда Қазақстан киносыныӊ марафоны басталады. Бұл туралы Қазақстан киносыншылар қауымдастығынан хабарлады

Алматы. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда 4 ақпанда Қазақстан киносыныӊ марафоны басталады. Бұл туралы Қазақстан киносыншылар қауымдастығынан хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көрермендердіӊ назарына 2014 жылы түсірілген 20 қазақстандық картиналар ұсынылмақ, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Олардыӊ 17-сі - киностудияларда, 3-уі - "Қазақфильм" АҚ-да түсірілді. Кейбір кинокартиналар әлі көрсетілмеген.

Марафон аяқталған соӊ еӊ үздік деп танылған фильмге "Сыншылардыӊ таӊдауы" жүлдесі беріледі.

Аталған жүлде "Арман" кино орталығы мен Қазақстан киносыншылар қауымдастығыныӊ жұртшылықтыӊ отандық фильмдерге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қолға алған ортақ жобасы.

Ақпанныӊ 4-7 аралығында "Арман" кинотеатрында "Хозяева", "Охота за призраком", "Быть или не быть", "Разрывая замкнутый круг", "Семь нот моего детства", "Курке", "Заговор Оберона", "Приключение", "Фейк: береги себя", "Кемпір", "Раз в неделю", "Ограбление по-казахски", "М-агент", "История одной старушки", "Загнанная", "Фуга: дорога в никуда" и "Келинка Сабина" киноленталары көрсетіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны