26.04.2012, 11:57 3776

Алматыда Қазақстан Республикасы хирургтерінің ІІІ Конгресі өтіп жатыр

Конгерсте хирургяның әртүрлі саласы бойынша секциялық отырыстар өткізу жоспарланған.

Алматы. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда А.Н. СЫЗҒАНОВ атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында сәуірдің 23-і мен 27-сі аралығында Қазақстан Республикасы хирургтерінің ІІІ Конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конгерсте хирургяның әртүрлі саласы бойынша секциялық отырыстар өткізу жоспарланған.

Тақырыптың өзектілігі: ҚР 2011 - 2015 жылдарға арналған "Салауатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты халық арасындағы өлім көрсеткішін төмендету, өмір сүру жасын ұзарту және т.б. жолдармен еліміздің әлеуметтік-демографиялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады.

Қазақстанда адам өміріне қауіп төндіретін ең бірінші ауру қан айналым жүйесіндегі дерт (ҚАЖД) - 100 мың адамға шаққанда 403,9 тең, одан кейін қатерлі өскіндер - 109,8, ал үшінші орында - жарақаттар, улану және оқыс жағдайлар - 108,7. Соңғы кездері халықтың мүгедек болып қалу жағдайларының тұрақты өсіп келе жатқандығы байқалады. Қан айналым жүйесіндегі дерттен, жарақаттардан, ас қорыту және демалу жүйесіндегі аурулардан қайтыс болуы көрсеткіші республика бойынша тұрғындардың өлім көрсеткішінің 67,5 пайызын құрайды.

Түрлі хирургиялық ауруларды және олардың асқынған түрін емдеудегі, көппрофильді хирургиялық қызметтерді құрудағы белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін дамыған елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып медицинаның заманауи жетістіктерін енгізу қажет.

ҚР "Салауатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР президентінің 2012 жылғы жолдауын жүзеге асыру мақсатында А.Н. СЫЗҒАНОВ атындағы Ұдттық ғылыми хирургия орталығы Батыс Еуропа, Жапония, Корея, Израиль, Түркия, Ресей және Беларусь сияқты елдерден келген 40-қа жуық мамандарды тарта отырып, Қазақстан Республикасы хирургтерінің ІІІ Конгресін өткізеді.

Конгерсс аясында 16 іскерлік сабақтар өткізу жоспарлануда, онда заманауи инновациялық технологияларды енгізу мақсатында әлемдік даңқы бар жетекші хирургтар ота жасайтын болады. Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлау мақсатында жас ғалымдардың байқауы өтеді. Арнайы ұйымдастырылатын көрмеде Конгреске қатысушылар медицина нарығында жұмыс істеп келе жатқан отандық және шетелдік компаниялардың жетістіктерімен таныса алады. Сондай-ақ, заманауи дәрі-дәрмектердің, жаңа ақпараттық және медициналық технологиялардың көрмесі ұйымдастырылады. Осы шаралар аясында хирургияның түрлі бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары мен іскерлік сабақтарына да аса назар аударылатын болады.

Бұл мәселелерді Конгресте талқылау аз уақыт ішінде әлемнің бәсекелестікке қабілетті хирургиялық қызметтерінің қатарына шығуға мүмкіндік беретін шешімдердің тиімді жолдарын әзірлеу үшін қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны