26.05.2018, 20:46 12180

Алматыда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ қатарына 285 адам жаӊадан шақырылды

Алматыда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ қатарына жаӊадан шақырылғандардыӊ әскери ант көтеруіне бағытталған салтанатты рәсім болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today. Іс-шара саптық әзірлік және қоян-қолтық күрес бойынша үлгілік өнер көрсетумен аяқталды.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ қатарына жаӊадан шақырылғандардыӊ әскери ант көтеруіне бағытталған салтанатты рәсім болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол отан қорғау - Қазақстан Республикасыныӊ кез-келген азаматы үшін қасиетті парыз әрі міндет екенін атап өтті.

"Бейбітшілікке қызмет ету мен отан қорғаудан өзге құрметті миссия жоқ. Мемлекеттіӊ әскерлері әрдайым абырой, қадір-қасиет пен отансүйгіштіктіӊ бет-бейнесі болып келген және бола береді", - деді Аюбаев.

Генерал-лейтенант жаӊа әскерлерді құттықтап, тілек сөздер айтты.

"Еліміздіӊ келешегі сендерге тікелей байланысты. Отанымыздыӊ тағдыры үшін жауапкершілік, рухани білімдарлық, белсенді өмірлік ұстаным мемлекет басшысы "Рухани жаӊғыру" және "Бес әлеуметтік бастама" бағдарламаларында қойған басты мақсатқа қол жеткізудіӊ арқау негізіне айналады. Сіздер абыройдыӊ, ерлік пен батылдықтыӊ эталонына айналып, келешек өскелеӊ ұрпақ үшін үлгі боласыздар деп сенемін. Сіздердіӊ қызметтеріӊіз - еліміздіӊ тәуелсіздігініӊ, әрбір қазақстандық отбасыныӊ тыныштығы мен болашаққа деген сенімділігініӊ кепілі", - деді ол.

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметініӊ қатарында қызмет ету - әрбір жас үшін зор абырой. Бұл сіздердіӊ өмірлеріӊіздегі жаӊа кезеӊ және дәл бүгінгі оқиға - аса салтанатты әрі жан тебірентерлік оқиға болмақ. Бұл оқиға сіздердіӊ аналарыӊыздыӊ көзінен сүйініштіӊ көз жасы болып, ал әкелеріӊіз үшін мақтаныш сезімі ретінде көрініс береді. Бүгін сіздер отанымызға ант бердіӊіздер және бұл аса маӊызды қадам, әрине, бұл - әрбір ер азамат үшін қастерлі де ардақты сәт, лайықты қадам", -деді өз құттықтау сөзінде жаӊадан әскерге шақырылған егіздер Егор және Артем Киселевтердіӊ анасы.

Іс-шара саптық әзірлік және қоян-қолтық күрес бойынша үлгілік өнер көрсетумен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны