24.12.2014, 22:14 3463

Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті атынан Жаӊа жылдық шырша өтті

Мереке әдеттегідей Мемлекет басшысыныӊ видеоқұттықтауымен ашылды. Кішкентай алматылықтарды қала әкімі Ахметжан Есімов те құттықтады.

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда балалар үйлері тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен отбасылар балалары, мүгедек балалар және қала интернаттары мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Президенті атынан Жаӊа жылдық шырша болып өтті. Мереке әдеттегідей Мемлекет басшысыныӊ видеоқұттықтауымен ашылды. Кішкентай алматылықтарды қала әкімі Ахметжан Есімов те құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өтіп бара жатқан жылды біз Білімді дамыту жылы деп жариялап, 70 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлдік. Білім саласын дамыту үшін оӊ шаралар жүзеге асты, сыныптар, мектептер жабдықталды, жаӊа білім нысандары салынды. Оныӊ үстіне, қымбатты балалар, біз сіздерге қазіргі заманғы әдістерді пайдалана отырып, тереӊ білім берулері үшін ұстаздарыӊызды марапаттадық.Мен келе жатқан 2015 жылдыӊ еліміз бен барша халқымыз үшін табысты жыл болуына тілектеспін", - деді Ахметжан Есімов, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Жаӊа жылдық концерт бағдарламасында балаларға ертегі кейіпкерлері бар театрландырылған қойылым көрсетіліп, байқаулар мен викториналар ұйымдастырылды. Мерекелік шара соӊында әр балаға Жаӊа жылдық сыйлық берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны