04.06.2018, 23:06 9110

Алматыда Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік Рәміздері күні мерекеленуде

Салтанатты шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстаннныӊ мемлекеттік Рәміздері Отанымыздыӊ тарихы мен дәстүрін және халқымыздыӊ қайталанбас ерекшелігі мен ұлылығын паш ететінін атап өтті.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік Рәміздері күні мерекеленуде.

Салтанатты шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстаннныӊ мемлекеттік Рәміздері Отанымыздыӊ тарихы мен дәстүрін және халқымыздыӊ қайталанбас ерекшелігі мен ұлылығын паш ететінін атап өтті.

"Тәуелсіздіктіӊ алғашқы күнінен бастап Президенттіӊ барлық бағдарламалары мен реформалары қарапайым қазақстандықтарға, еӊ алдымен жастарға бағытталды. Биылғы жылы жарияланған Елбасыныӊ "Бес әлеуметтік бастамасы" жас отбасылардыӊ тұрғын үй жағдайын жақсартуға, студенттік жатақханалар мәселесін шешуге, сапалы жоғары білім алуға кеӊ мүмкіндік береді. Осынау базалық басты негіздер әрбір жас адамныӊ өз әлеуетін жүзеге асыруға, табысқа жетуітне жол ашады", - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Айта кетерлігі, биылғы жылы қалада жастарға арналған қалалық "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады. Жас отбасылар алғашқы жарнасыз 5%-дық несиемен пәтер алулары үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. теӊге бөлінді. Жеке бала бақшаларда 3 мыӊдай балаға мектеп жасына дейінгі білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайып, 850 млн. теӊге бөлінді. Қарт адамдарды мегаполистегі белсенді өмірге тарту үшін аға ұрпаққа арналған "Белсенді ұзақ өмір" арнайы бағдарламасы жасалды.

Мемлекеттік Рәміздер күні құрметіне "Халық Арена" мұз кешенініӊ сахнасында әскери оркстрлер ұжымдары мен қазақ эстрада жұлдыздары, соныӊ ішінде Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Или Оқапов және басқалары өнер көрсетті. Бүгін Панфилов көшесі бойымен Абай атындағы опера және балет театрынан Жібек жолы көшесіне дейін оркестрлердіӊ мерекелік шеруі өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны