18.05.2010, 16:31 4333

Алматыда "Қазақстан және қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Алматыда "Қазақстан және қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Алматы. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдың 19 мамырында ҚР президентінің жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп "Қазақстан және қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлер" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚСЗИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, конференцияның күн тәртібі төмендегі тақырыптық блоктардан тұрады: Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы: ықтимал сценарийлер, ел халқының қоғамдық-саяси көңіл-күйінің түйінді индикаторлары, қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстан мемлекетінің дін саясаты, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері контекстіндегі Қазақстанның қауіпсіздігі, елдің экономикалық дамуы: тұрақты даму траекториясына шығуы, сыртқы факторлардың Қазақстанның өсу тұрақтылығына ықпалы, 2010 жылға экономикалық дамуды болжау.

Конференция аясында "Президент Н.И. Назарбаев және егемен Қазақстан" 3 томдық құжаттар жинағының тұсаукесері өтеді.

Конференция жұмысына ҚР парламентінің депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының жауапты тұлғалары, Қазақстанның мемлекеттік және тәуелсіз талдау құрылымдарының жетекші сарапшылары, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны