24.08.2017, 16:08 3793

Алматыда Қазақстанда энергетика ғылымыныӊ негізін қалаушы Шапық Шөкинге ескерткіш қойылды

Ш.Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми- зерттеу институтында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ғалым-энергетик, еліміздегі энергетика ғылымыныӊ негізін қалаушы, техника ғылымдарыныӊ докторы, профессор, академик Шапық Шөкинге ескерткіш ашылды. Шара академиктіӊ туғанына 105 жыл толуына орайластырылған.

Алматы. 24 тамыз. Kazakhstan Today - Ш.Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми- зерттеу институтында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ғалым-энергетик, еліміздегі энергетика ғылымыныӊ негізін қалаушы, техника ғылымдарыныӊ докторы, профессор, академик Шапық Шөкинге ескерткіш ашылды. Шара академиктіӊ туғанына 105 жыл толуына орайластырылған.

Шапық Шөкин - Қазақстан энергетикасын дамутыға арналған "Қазақстан энергетикасы", "Ауылшаруашылығын энергиямен қамтамасыз етудіӊ ғылыми негіздері", "Қазақстан энергетикасын дамытудыӊ негіздері", "Энергетика және Қазақстанныӊ су шаруашылығы", "Қазақстанныӊ жылу-энергетикалық балансы" және басқа 500 -ден аса ғылыми еӊбектіӊ авторы.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1996 жылы академик Шапық Шөкинге еӊ жоғарғы белгі - "Халық Қаһарманы" атағын берді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шапық Шөкинніӊ жаӊашыл ғылыми еӊбектері арқылы өз кезеӊініӊ қоғамдық сананы жаӊғыртушысы болғандығын атап өтті.

"Ол Қазақ энергетика ғылыми- зерттеу институтыныӊ алғашқы директоры болды. Академик Шөкин басқарған кезде институт еліміздегі құнды эксперименталды базасы бар, тіпті кейбір зерттеулері бойынша әлемде баламасы жоқ ірі әрі жаӊашыл ғылыми мекемеге айналды. Қазақстанныӊ энергетика саласындағы ғылыми жаӊалықтардыӊ барлығы осы институтпен байланысты.Шапық Шөкинніӊ тікелей араласуымен Қазақстан энергетикасы ғылыми- техникалық болжамыныӊ кешенді жүйесі, Ертіс - Қарағанды каналыныӊ, Қапшағай гидроэлектростанциясыныӊ жобалары жасалды", - деп атап өтті Алматы әкімі.

Бұрын Алматы әкімдігі Ш. Шөкин ескерткішініӊ үздік эскизіне ашық конкурс жариялаған болатын. Қазақстанда қойылатын ескерткіштен мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияныӊ шешімімен К. Жарылғапов пен М. Азмағамбетов жасаған эскиз үлгілері үздік деп танылды.

Салтанатты шараға академиктіӊ ұлы Қанат Шөкин, Қазақ Ұлттық академиясыныӊ президенті Мұрат Жұрынов, энергетика ғылыми- зерттеу институтыныӊ президенті Калық Абдуллаев, Алматыныӊ Қоғамдық кеӊесініӊ төрағасы Рахман Алшанов, ғалым-археолог Карл Байпақов, Алматы мәслихатыныӊ депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов, Қазақстанныӊ халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеев, ғылыми- зерттеу институтыныӊ қызметкерлері және көптеген басқалары қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны