26.09.2018, 15:38 5731

Алматыда Қазақстанныӊ онкологиялық қызметініӊ негізін қалаушы Сәкен Нұғмановтыӊ 100 жылдығы атап өтілді

2018 жылдыӊ 21 қыркүйегінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-дыӊ Үлкен конференц-залында Қазақстанныӊ онкологиялық қызметініӊ негізін қалаушы, медицина ғылымдарыныӊ докторы, профессор Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтыӊ 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 21 қыркүйегінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-дыӊ Үлкен конференц-залында Қазақстанныӊ онкологиялық қызметініӊ негізін қалаушы, медицина ғылымдарыныӊ докторы, профессор Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтыӊ 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Конференцияға денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Актаева; Мәжіліс депутаты Зауреш Аманжолова, профессор, ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов; ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ бас онкологы, онкология және радиология ҒЗИ директоры Диляра Қайдарова; С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин және басқа да да ғалымдар мен атақты докторлар қатысты.

Конференция жұмысында онкологияныӊ жетекші мамандары, С.Н. Нұғмановтыӊ профессор шәкірттері және үзеӊгілестері, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатыныӊ қызметкерлері және Сәкен Нұғмановтыӊ туыстары мен жақындары қатысты.

Конференция аясында Нұғмановқа арналған "Уақытты озған" атты кітабыныӊ тұсаукесері болды. Жинақ ҚазОРҒЗИ қорыныӊ құжаттарымен және С.Нұғманов атындағы қордыӊ құжаттарымен, сондай-ақ Сәкен Нұғманұлыныӊ отбасы берген материалдар бойынша Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатымен дайындалған.

Жинақта ҚазОРҒЗИ-дыӊ онкологиялық қызметтініӊ қалыптасуы туралы, Сәкен Нұғмановтыӊ жазысқан хаттары, ол туралы естеліктер мен мақалалар, сондай-ақ, басқа да құжаттар жарияланады. Кітапта ұсынылған мәтіндердіӊ 97% бірінші рет және фотосуреттердіӊ 99% -ы бірінші рет жарияланады.

Қазақтыӊ бас онколог дәрігері, профессор Сәкен Нұғымановтыӊ туғанына 100 жыл толуына орай "Уақытты басып озған" кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті.

Сәкен Нұғыманұлы еліміздегі онкология қызметініӊ негізін салып, институттан білікті шәкірттер тәрбиелеп шығарған. Халықаралық конференцияда медицина қызметкерлері, академиктер, мұғалімдер мен шәкірттері түрлі естеліктерімен бөлісті.

"Өткен ғасырда ерекше биік деӊгейде қызмет еткен, ауқымды еӊбегініӊ нәтижесімен халыққа танымал болған тұлға еді. Еӊбегініӊ жемісін халық көргендіктен де, оныӊ есімі ел жадында қалды. Сәкен Нұғымановтан тәлім алған, көзін көрген ғалымдар да, сол бағытта жұмыс істеп жүрген ғалымдар да Сәкен Нұғымановты еш ұмытпайды. Оныӊ есімі, халық үшін жасаған еӊбегі еш ұмытылмайды", - деді Қазақ тағамтану академиясыныӊ президенті, м.ғ.д., профессор Төрегелді Шарманов.

Кітап таныстырылымы аясында мерейтой иесіне арнап көрме ұйымдастырылды. Көрмеде профессордыӊ көпқырлы кәсіби қызметі мен отбасы жайында фотоқұжаттар ұсынылған. Ал жинақтағы естеліктер мен фотолардыӊ көп бөлігі бүгінге дейін еш жерде жарияланбаған.

"Көптеген мәліметтерді Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатынан алдық. 100 жылдыққа орай кітапты "Уақытты басып озған" деп атадық. Кітапқа институттыӊ құжаттары, алғашқы бұйрықтары мен шешімдері және көптеген замандастарыныӊ, шәкірттерініӊ естеліктері енген", - деді С.Нұғымановтыӊ қызы Жәмилә Нұғманова.

Анықтама: Сәкен Нұғманов 1918 жылы дүниеге келді. Бала кезінде ата-анасы аштықтан қайтыс болды. Рабфактан кейін Алматы мемлекеттік медициналық университетіне оқуға түсіп, оны 1941 жылы бітірген. Ұлы Отан соғысы кезінде ол майданда шайқасты, тұтқынға алынып және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 1947 жылы медициналық қызметтіӊ капитаны дәрежесінде әскерден қайтқан ол дәрігер болып жұмыс істеді және ғылыми зерттеулермен айналысты.

1960 жылы Сәкен Нұғманов Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ды құрды және оны басқарды. ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігініӊ бас онкологы ретінде республикадағы онкологиялық қызметтіӊ пайда болуыныӊ басында болды. Қазақстандағы және Орта Азиялық Республикалардағы Орфарингеальді ісіктердіӊ эпидемиологиясы мен патологиясын зерттеу жөніндегі институт базасында құрылған ВОЗ Бірлескен зерттеу орталығын басқарды. Кеӊес Одағыныӊ және әлемніӊ жетекші онкологтарымен тығыз серіктестік орнатты. Онколог-дәрігерлермен ғалымдардан тұратын ерен жүйріктер тобын дайындады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны