15.01.2015, 16:07 4573

Алматыда қазба жұмыстары кезінде үш бірегей жәдігер табылды

Алматыда қазба жұмыстары кезінде үш бірегей жәдігер табылды. Құнды жәдігерлерді Алатау ауданындағы "Көк қайнар" шағынауданында қазба жұмыстары кезінде Алматы тарихы мұражайыныӊ экспедициясы анықтады.

Алматы. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда қазба жұмыстары кезінде үш бірегей жәдігер табылды. Құнды жәдігерлерді Алатау ауданындағы "Көк қайнар" шағынауданында қазба жұмыстары кезінде Алматы тарихы мұражайыныӊ экспедициясы анықтады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасыныӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Табылған заттардыӊ бірі ойнап жатқан мысық баласыныӊ бейнесі сомдалған алтын мүсін екі пластиннен құралып, бір композицияға біріктірілген. Мүсін біздіӊ жыл санауымызға дейінгі IV ғасырдағы бас киімніӊ магиялық композициясы болуы мүмкін, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазба кезінде сондай-ақ алтын пластинка табылды. Онда басын солға бұрып тұрған қыран құстыӊ бейнесі зерленген. Ол біздіӊ жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда геральдикалық символ ретінде пайдаланылуы мүмкін.

№2 қорғаннан сабы бар қорғасыннан құйылған айна табылды. Ернеуі 2 см болатын қорғасын белдеумен қапталған. Диск пен белдеу балқытылып бекітілген. №1 қорғаннан табылған көне жәдігер біздіӊ жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасыр - біздіӊ жыл санауымыздыӊ ІІ ғасырында пайдаланымда болуы мүмкін.

Табылған археологиялық мұралар қала тарихы мұражайында сақтаулы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны