06.04.2007, 12:45 3789

Алматыда ҚазБСҚА жатақханасының тұрғындары аштық жариялауда , академия басшылары оларды баспанасыз қалдырмақ

АЛМАТЫ. 6- сәуір . Kazakhstan Today. Алматыда Қазақ бас сәулет және құрылыс академиясы жатақханасының тұрғындары аштық жариялады, оқу орнының басшылары оларды баспаналарынан қуып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аштық жариялаған он бес әйел, олар Орбита ықшам ауданында орналасқан №5 жатақхана тұрғындары . Наразылық танытушылардың айтуынша, олардың қатарына қосылуға ниет білдіргендер әлдеқайда көп болатын, бірақ олар "денсаулығы жарамайтындар мен емізулі баласы бар аналарды" босатыпты. "Бірақ , жатақханада тұратын 40 отбасының бәрі бізді қолдайды", дейді олар.

"Кешеден бері біз дәм татқан жоқпыз. Аштықты кешкі сағат жетіде жарияладық, Бостандық аудандық әкімшілігі мен Алматы прокуратурасына наразылық акция туралы хат жазып хабардар еттік",-дейді олар. "Мұндай шарадан кейін туындайтын ауыртпалықтың бәрін жергілікті биліктің мойнына жүктейміз, ең бірінші қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовқа жүктеледі",-деп атап өтті акцияға қатысушылар.

Аштық жариялағандардың айтуынша, мұндай шараға көп жылдан бері тұрып жатқан жатақханадан қууға байланысты барып отыр. "Кеше біз сот орындаушыларына қарсылық танытып оларға жол бермедік, бүгін аштық жарияладық" дейді әйелдер.

Заңгер, жатақхана тұрғындарының өкілі Вячеслав Фатиннің сөзіне қарағанда, академияның бұрынғы қызметкерлерінің проблемалары 2001 жылы басталған. "Ол кезде Мемлекеттік сәулет құрылыс академиясы ҚазБСҚА акционерлік қоғамы болып қайта құрылған. ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелерндіру комитеті "ҚазБСҚА" ЖАҚ иелігіне 5 жатақхананы өткізіпті, оның ішінде қазір дауға айналған жатақхана да бар. Алайда, бұл академия қайта құрылған кезде тұрған тұрғындардың тұру, иелік ету және аталған баспананы жекешелендіру құқығын қарастыратын заңға қайшы келеді", дейді В.Фотин.

Сонымен қатар, 2001 жылдан бері жатақхана тұрғындары жал туралы келісімге сәйкес, тіпті мұнда орнатылмаған телефон мен лифт сияқты қызметтерге төлеп тұрып келеді. "Ал, 2006 жылы оқу орнының басшылығы келісім- шарт жасасқан жоқ, енді басқа баспанамен қамтамасыз етпей тұрғындарды қуып шықпақ", -дейді заңгер. Тұрғындардың айтуынша, академия жетекшілері жатақхананы пәтерге айналдырып, нарықтық бағамен сатып жібермек. Қазіргі кезде олар сотта бөлмелерін жекешелендіруге құқылы екендерін дәлелдеуге тырысуда, алайда В.Фатиннің айтуынша, "сот бұл іске аса көңіл аударып отырған жоқ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны