13.03.2007, 18:10 3604

Алматыда "Кеден-2007" көрмесі жұмыс істей бастады

АЛМАТЫ. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен кеден ісі жөніндегі "Кеден-2007" көрмесі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Көрменің негізгі бөлігі кеден ісі саласындағы заманауи технологиялар мен жаңартуларға арналған. Көрмеде кедендік тексерулерге арналған жаңа рентгендік және радиациялық жабдықтар қойылған. Бұл жерде қазіргі заманғы терминалдар, уақытша тауар сақтау қоймалары, теңіз және өзендегі айлақтардың жұмысымен, транспорттық-экспедиторлық тасымал және кедендік брокерлік компаниялардың қызметімен танысуға болады.

Көрмеге шекаралас елдердің кедендік әкімшіліктерінің жетекшілері, Қазақстандағы елшіліктер мен дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушы ірі компаниялар қатысуда.

Көрме аясында, атап айтсақ, кеден ісі саласындағы санаткерлік меншікті қорғау жөніндегі және кедендік алымдарды жинау мен кеден мекемелерінің салық төлеу ережелері туралы семинарлар мен тұсаукесерлер өткізу межеленген. Сонымен бірге кедендік бақылау комитеті "Биснес қоғамдастық және кеден" атты "дөңгелеу үстел" ұйымдастырады.

"Кеден-2007" көрмесі 15-наурызға дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны